Волейболдан ұлттық лигада табысты өнер көрсетіп келе жатқан «Тараз» волейбол клубы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен кіші турда кезекті мәрте өздеріне тең келетін қарсылас жоқ екенін дәлелдеді. Турдың алғашқы күнінде «Тараз» волейболшылары «Шығыс» командасынан төрт сетте айласын асырды. Алғашқы кезеңде қарсыластарына есе жібергеніне қарамастан, қалған үш партияда жерлестеріміз жеңісті жұлып алды. Доданың екінші күнінде басты қарсыластарымыз «Павлодар» командасымен күш сынасты. Бұл матчта да жеңіс біздің команданың еншісіне жазылды. Үш сетте «Павлодар» командасы ойсырай ұтылды. Үшінші ойында да «Тараздың» асығы алшыдан түсті. Азулы «Алматы» командасы «Таразға қарсы ойында бір кезеңде басымдық танытқанымен, қалған үш сетте жерлестеріміз шүбәсіз жеңді. Кіші турдан кейін біздің волейболшылар екінші орындағы «Павлодардан» 13 ұпайға ұзап кетті. Енді 11-17 ақпан аралығында Таразда жалпы тур өтеді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




