«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жұмыс жүйелі жүргізілуде

Жұмыс жүйелі жүргізілуде
Автор
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз алдына «әлеуметтік бағдар ұстанған, нарықтық экономикасы бар қуатты егеменді мемлекет құру» міндетін қойды және ол жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуына негіз болды. Қоғамның басты байлығы – адам. Еліміздің заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау бағытында атқырылатын істер арнайы мемлекеттік мекемелердің құзырымен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің облыс бойынша департаменті төмендегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері облысымыздың халқына мемлекеттік қызмет көрсетеді. МӘС-ның бақылау және әдіснама бөлімі мынадай қызмет түрлерін анықтайды.

1. Мүгедектікті және еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, олардың себептерін, мерзімдерін, туындаған уақытын айқындай отырып белгілеу.

2. Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және олардың орындалуын, осы іс-шаралардың тиімділігін бақылау.

3. Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жарақат немесе басқа да денсаулық зақымын алған қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге қажеттілігін анықтау және орындалуын бақылау

4. Мүгедектігі бар адамдарды есепке алу жүйесі деректерінің орталықтандырылған банкін сапалы қалыптастыру, мүгедектік себебінің, құрылымы мен жай-күйінің мониторингін жүргізу.

5. Мүгедектігі бар адамдарға абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және түзету, олардың орындалу тиімділігін бақылау.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V-ші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының аясында «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №384, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №304, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы №204, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы №227/ НҚ бірлескен бұйрықтарымен (бұдан әрі – бірлескен бұйрықтар) мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасы бекітілген.

Сонымен қатар, бірлескен бұйрықпен пилоттық режимде сырттай куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандар, тексерулердің және объективті деректердің тізбелері, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі және өңірлердің пилоттық жобаны бастау мерзімдері айқындалған.

Бірлескен бұйрықтарға сәйкес, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы пилоттық жобаны 2021 жылдың 8 қарашасынан бастады және бұл әлеуметтік маңыздылығы бар жоба 2022 жылғы 1 қаңтарынан бері толық ауқымда жүргізіліп келеді.

Пилоттық жобаның басталу мерзімінен бекітілген 15 нозологиялық ауру түрлері бойынша адамдарға мемлекеттік қызмет проактивті түрде сырттай көрсетіледі, соның ішіне психиканың және мінезқұлқының бұзылуы да кіреді. Сырттай проактивті куәландыру – еліміздіңден саулық сақтау министрлігінің және медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен иесіздендірілген құжаттар негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу екенін естеріңізге саламыз.

Адамдарға сырттай куәландыру басқа үш облыстың МӘС қызметкерлерімен медицина ұйымымен жіберілетін науқастың электронды құжаттарын талдауы арқылы жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Премьер -Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу Қағидаларын» басшылыққа алады.

Қағиданың 18 тармағына сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршіліктынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.

Облыс аумағында бүгінгі таңда «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған мәліметке сәйкес, барлығы 45603 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде ересек мүгедектігі бар адамдар саны – 38839 (1-топ – 4827 адам, 2-топ – 16331, 3-топ – 17681), 0-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балалар саны – 6764 (1949-ы – 7 жасқа дейінгілер, мүгедектігі бар 1-топтағы бала – 723, мүгедектігі бар 2-топтағы бала – 1287, мүгедектігі бар 3-топтағы бала – 2805).

Қала бойынша мүгедектер саны –18811 адам, ауыл тұрғындары – 26792. Жынысы бойынша – ер адамдар арасындағы мүгедектігі бар адамдар саны – 26571, әйелдер – 19032 адамды құрайды. Облыс бойынша мүгедектіктің үлес салмағы – 3,7 пайыз. МӘС бөлімдерімен «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 2025 жылдың 9 айында барлығы 10592 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 6390-ы МӘС бөлімдерімен көрсетілген, 4202-і сырттай пилоттық қызмет алғандар.

Өткен жылдың 9 айында барлығы 110573 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 3627сі – сырттай проактивті қызмет алғандар. Ал, үстіміздегі жылдың 9 айында мүгедектіктің негізгі көрсеткіштері төмендегідей.

Ағымдағы уақыт аралығында барлығы 1927 адам алғашқы рет мүгедектікке шықты (9 ай 2024 ж. – 1938 адам болатын), оның ішінде ересек адамдар 1377 (9 ай 2024 ж. – 1414 адам), мүгедектігі бар балалар саны – 550 (9 ай 2024 ж. – 524 бала). Есепті кезеңде 10.000 халыққа шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші – 15,8 жағдай (2024 ж. 9 айында – 15,8). Ал, республикалық көрсеткіш – 20,8.

Биыл облыста 1927 адамның алғашқы мүгедектікке шыққанын жоғарыда атап көрсеттік. Олардың ішінде еңбекке қабілетті жастағылар 986, балалар 550 және зейнет жасындағы адамдар саны 391-ді құрады.

Осы орайда алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрамы туралы тарқатып айтатын болсақ, ересектер арасында:

1-ші орынға қатерлі ісіктер шықты – 472 адам, 2-ші орынға жүрек-қан тамырлары сырқаттары – 313 адамды құрады (9 ай 2024 ж. – 386 адам – 27.3 пайызды құраған болатын). 3-ші орында – психикалық бұзылулар және мінез-құлқының бұзылуы бойынша – 118 адам (9 ай 2024 ж. – 98 адам – 6,9 пайыз).

Айрықша назар аударатын мәселе мүгедектігі бар балалар арасында мына аурулар алдыңғы орындарды алады:

1 орында – психикалық бұзылулар және мінез-құлқының бұзылуы бойынша 204 бала (2024 ж. 9 айы – 161 бала болған). 2 орында – туа біткен аурулары бар 117 бала (2024 ж. 9 айы – 127 бала болған). 3-ші орында – жүйке жүйесі аурулары бар 65 бала (2024 ж. 9 айы. – 81 бала болған);

Мүгедектігі бар адамдарды жалпы оңалтудан өткізу ісі де ұдайы жүргізіліп келеді.

Мәселен, биылғы жылдың 9 айында жалпы толық оңалтылғандар саны – 459 адамды құрады, оның 342 адамы ересектер болса, балалар саны – 117. Ал өткен жылдың осы уақытында барлығы 485 (6,4 пайыз) адам толық оңалтылды, есектер арасында толыққанды оңалту көрсеткіші – 343 адамды құраған (6,2 пайыз). Балалар арасында бұл көрсеткіш –142 (7 пайыз). Жартылай оңалту нәтижесінде 2025 жылдың 9 айында барлығы 359 (12,8 пайыз) мүгедектігі бар адамның топтары жеңіл топтарға ауыстырылды (2024 ж. 9 айы – 336 адам – 12,8 пайыз), Республикалық көрсеткіш – 14,2 пайыз. Мүгедектік топтың ауырлау көрсеткіші 2025 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша 388 адам (2024 ж. 9 айы317 адам – 4,7 пайыз). Республикалық көрсеткіш – 6 пайыз. Мүгедектік тағдырдың жазуы десек, бүгінде оған жүре пайда болатын созылмалы аурулардың да түрлері кері әсерін тигізуде. Мүгедектік топтың ауырлауына жүрек-қан тамырлары сырқаттарының асқынулары, инсульт, инфарктар және қатерлі ісік ауруларының үдеуі (прогрессирование) әкеліп отыр.

2025 жылдың 9 айында мүгедектігі бар адамдарға абилитациялаудың және оңалту бағдарламасының әлеуметтік бөлігі – 4790 адамға (52,5 пайыз) және 9 ересек адамға кәсіби бөлігі (2 пайыз) әзірленді. Ал 2024 жылдың 9 айында әзірленген 4216 абилитациялаудың және оңалту бағдарламасының әлеуметтік ұсыныстары 3090 жағдайда орындалды, яғни 73,3 пайызға, кәсіптік ұсыныстары 16-ның 7-сі орындалған – 43,7 пайызды құрады.

Халықты әлеуметтік қорғау бағытындағы ауқымды істер арнайы бекітілген заңнамалар мен қаулылардың негізінде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Аслан ОРАЗБЕКОВ

халықты әлеуеметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар