Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған азаттығының бастауы, егемендікке бастар жолды айқындаған тарихи белес. Республика күні – елдің еркіндігі мен рухының, тәуелсіздіктің темірқазығы мен ұлт бірлігінің символы.
Сонау қиын-қыстау кезеңдерде бабаларымыз ел болуды, еңселі мемлекет құруды армандады. Сол арман азат таң атқанда жүзеге асып, бүгінгі Қазақстан – әлемге танылған, өркениет көшіне ілескен қуатты елге айналды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Республика күні – халқымыздың ортақ мұрат жолындағы ынтымағы мен елдік бірегейлігін нығайтатын мереке.
Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен, инновациялық дамуға бет алған заманауи мемлекет. Экономикасы өсіп, әлеуметтік салада жаңа бастамалар жүзеге асуда, мәдениет пен білім, спорт пен ғылым саласында тың жетістіктерге қол жеткізілуде. Мұның барлығы ел азаматтарының қажырлы еңбегі мен ортақ мақсатының нәтижесі.
Республика күні – өткеннің тағылымына тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін ерекше күн. Біз ата-баба аманатына адалдық танытып, ел іргесін бекемдеп, ұрпаққа лайықты мұра қалдыруға тиіспіз.
Қадірлі жерлестер!
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға береке мен амандық тілеймін! Еліміздің еңсесі биік, бірлігі бекем, келешегі кемел болсын! Көк байрағымыз көкте желбіреп, Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгі биік болғай!
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ
облыс әкімі
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




