Мемлекет басшысы соңғы жылдары елімізде болған табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда құтқарушылардың ерлігі мен табандылығын жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, соңғы бе с жылда қазақстандық құтқарушылар 225 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалған.
Салтанатты іс-шарада өз өмірін қатерге тігіп, ерлік көрс еткен қызметкерлер марапатталды. Солардың бірі – Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі Шынболат Әзімбаев. Ол биыл қыркүйекте «Астана» шағынауданындағы өрттен 20 адамды, соның ішінде үш баланы құтқарып қалған. Сондай-ақ «Жамбыл Полимер» зауытындағы жарылыс қаупі бар өртті сөндіруге басшылық еткен.
Бұған дейін Шынболат Әзімбаев 2021 жылы Байзақ ауданындағы әскери қойма жарылысының салдарын жоюға да қатысқан. Қызметіндегі ерлігі мен кәсіби шеберлігі үшін ол Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- 16 сәуір, 2026
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




