Іс-шараны ҚР Федерациясы «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бақтияр Қараулов сөз сөйлеп ашты. Қатысушыларға медицина саласының ардагері Төленбек Сауырбеков пен бірлестіктің облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Махашов сәттілік тіледі. Жарыс шағын футбол, волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі (ерлер мен әйелдер) арасында, армреслинг (ерлер мен әйелер) арасында, дартс (бас дәрігерлер арасында) болды.
Спорттық додаға 7 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Спартакиада қорытындысы бойынша Тараз қалалық көпбейінді аурухана және консультативтік диагностикалық орталығы мен облыстық СПИД орталығы қызметкерлерінен құралған «Ұлы дала» командасы бірінші орынға ие болды.
Жүлделі екінші орын облыстық көпбейінді ауруханасы мен облыстық көпбейінді балалар ауруханасы қызметкерлерінен құралған құрамаға берілсе, үздік үштіктің қатарынан облыстық онкология және хирургия орталығы және облыстық психикалық денсаулық орталығы мен Тараз қалалық №7 емхана қызметкерлерінен құралған «Бірлік» командасы көрінді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, қаржылай сыйлық, кубок және медальмен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




