Ауыл ақсақалдары спорт кешенінің лентасын қиып, жұртшылыққа ізгі тілектерін жеткізді.
– Бүгінгі күн – барша ауыл үшін тарихи сәт. Жаңа кешен – мемлекеттің қолдауының, ел бірлігінің және жастарға деген қамқорлықтың нақты көрінісі, – деді ауыл тұрғыны Бөгенбай Бидасбаев.
Кешеннің құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Жоба құны – 359,2 миллион теңге. Екі қабатты ғимаратта ауыл балалары мен жасөспірімдері күрес, бокс, футбол, баскетбол және волейбол сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір Мойынқұмда 154 спорт нысаны бар: 3 спорт кешені, 1 орталық стадион, 32 спорт залы және 118 спорт алаңы.
Жаңа кешеннің іске қосылуымен спорттық инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 76,2 пайызға жетті. Ал тұрғындардың 41,9 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- 16 сәуір, 2026
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




