«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінген дұрыс

Дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінген дұрыс
Автор
21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясына қатысып, Жалпы дебатта сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Сөз басында БҰҰ позициясының нығаюына барлық елдер ықпал ету керектігін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесін көтерді. Сондай-ақ сессияның Жалпы дебатында Украина мен Газадағы жағдайға пікір білдірген Мемлекет басшысы Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді, күш қолданғаннан гөрі диалог жүргізуді жөн деп санайтынын алға тартты. Сессияда Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруіне де назар аударып, Арал мен Каспий мәселесі жаһандық деңгейде дабыл қағатын жағдай екенін атап өтті.

Сонымен қатар Жалпы дебатта Қазақстанның араағайындық және бітімгер рөлін жалғастыратынын мәлімдеген Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ел ішіндегі мемлекеттік басқару реформаларын тереңдету және шетелдегі жаһандық басқаруды қолдау – басты бағдарымыз. Біз бұл бағытты берік ұстанамыз», – деді.

Сондай-ақ Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында Қытай Халық Республикасының жаһандық даму және жаһандық басқару саласындағы бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңеске қатысып, сөз сөйледі. Іс-шара «Жаһандық дамудың жарқын келешегін бірлесе құру, бастапқы ұмтылыстарға адалдық» тақырыбына арналды.

«Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің көреген басшылығы мен анағұрлым әділ, инклюзивті әрі тиімді халықаралық ынтымақтастық орнатуға бағытталған күшжігерін жоғары бағалаймыз. Осы орайда Қазақст ан геосаяси және экономикалық сын-қатерлерге жауап беретін Қытайдың жаһандық бастамасын толығымен құптайды», – деді Қазақстан басшысы.

Жалпы Президенттің Нью-Йорк қаласындағы әр күнгі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттермен, премьер-министрлермен, министрлермен, халықаралық ұйымдардың және компаниялардың жетекшілерімен 30-дан астам кездесуі өтті.

Жүздесулерде қарастырылған мәселелер ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт, инвестициядан бастап жасанды интеллектіге дейінгі көптеген бағытты қамтыды. Елімізге миллиардт аған доллар инвестиция тарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Президенттің Америка ірі компанияларының басшыларымен келіссөзінің нәтижесінде Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды.

Көлік-логистика, энергетика және ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық тұрғыдан маңызды салаларды қамтиты н құжаттарда ел экономикасына 5,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Нью-Йорктегі жұмыс сапары барысында АҚШтың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды. Президент АҚШ-тың ірі корпорация басшыларымен ақпараттық технология, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы серіктестік мәселесін талқылады.

«Біз Американы маңызды серіктестеріміздің бірі санаймыз және сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенімізді растаймыз. Америка Құрама Штаттарының да осы стратегиялық ұстанымды қолдайтыны қуантады» – деді Президент.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық, экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылап, халықаралық ахуал жөнінде пікір алмасты.

Америка Президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан Президентімен болған әңгімелесуді қорытындылап, қол қойылған келісімдердің маңызына тоқталды. Соның бірі – еліміз үшін жалпы құны 4 миллиард доллар болатын 300 локомотив өндірісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80- ші сессиясы аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Бұдан кейін ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдап, отандық футболдың деңгейін көтеру үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

 

Aq jol-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар