Жарысқа жүзу, секірмекпен секіру, арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру, дартс түрлерінен 150 үміткер қатысып, жеңімпаз ұжымдарды анықтады.
«Спорт – әрқашан адамдарға сергектік сыйлайтын ғажайып дүние. Бұқаралық спорттың дамуы жұмысшылардың денсаулығын жақсартуға едәуір септігін тигізеді. Сондықтан, бүгін жанкүйер болып келіп қалдық. Әр еңбек ұжымының дайындықтары жақсы. Сонда да біз қолдаған команда жеңеді деп сенеміз», – дейді электр саласында ұзақ жыл тер төккен ардагер маман Сапар Малқаров.
Спартакиада сәттері тартысқа толы болды. Ұжымдар бір-біріне есе жібергісі келмеді. Дегенмен, әр жарыста жүзден жүйрігі іріктелетіні белгілі. Жалпы командалық есепте «Жамбыл Электр Желілері» мекемесінің командасы бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
Жүлделі екінші орынға «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ие болса, үздік үштікті «Қазақ Газ Аймақ» акционерлік қоғамы облыстық филиалының командасы түйіндеді.
Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубок, диплом, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




