Биыл Астанада Ұлттық спорт университеті ашылады
- author «Ақ жол»
- 19 қыркүйек, 2025
- 2.1k
Нысан спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады. Мұнда көпфункционалды кешен болмақ. Делегация құрамында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ құрылыс компаниясының өкілдері болды.
Оқу орны Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында бой көтеруде.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы бөлмелер, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған.
Екінші кезең аясында ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимаратын, 1 мың орындық жатақхананы, медициналық-сауықтыру орталығын, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусын және стадионды пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Тексеру қорытындысы бойынша вице-премьер спорт нысанына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен жеткізуші желілерді тарту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар
«Тараз» футбол клубының жаңа құрамынан үміт көп
- 6 сәуір, 2026
Таразда велоспорттан республикалық ашық турнир басталды
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




