«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шақырымға жүгіру – шымырлықты арттыру

Шақырымға жүгіру – шымырлықты арттыру
Автор
«Оңтүстік»өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар жалғасуда. Бұл жолы әскери қызметшілер мерейтойды 10 шақырымдық жаппай жүгірумен атап өтті. Шара әртүрлі күш құрылымдарының өкілдерін жинады

Іс-шара ұйымдастырылған күні таңертең қалалық әкімдікке қарама-қарсы беткейде орналасқан орталық алаң спорт алаңына айналды. Алаңға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері ғана емес, сондай-ақ олардың басқа да күш құрылымдарындағы әріптестері: ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұлан стартқа шықты.

Осылайша, бірлік пен өзара ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Әскерилер арасында қалыптасқан қағидаға сәйкес, іс-шара сап түзеуден басталды. Жиналғандарға «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Нұржан Өмірзақов құттықтау сөз сөйледі. Ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы атынан жарысқа қатысуға ықылас танытып, келісім бергендерге ризашылығын жеткізетіндігін білдірді.

Ал өңірлік полиция департаменті жарысты ұйымдастыруға көмек көрсетті. Оның қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап облыс орталығының орталық көшелерінің бірі – жарыс өтетін Төле би көше сіндегі қозға лысты тоқтатты. Бірақ бұл әрекет жол қозғалысына кедергі келтірмеді. Сағат сегізге дейін көше толығымен босатылды. Салмағы ауыр әскери жарақпен ұзақ шақырымдық марш-ұмтылысқа жүгіріп, әбден машықтанған әскери қызметшілер үшін спорттық формада он шақырым жолды жүгіріп өту қиын болған жоқ.

Айта кетерлігі, мұнда басты орынға спорттық нәтижелер емес, керемет көңіл-күй, жағымды атмосфера және қатысушылар арасындағы бірлік сезімі алға шығарылды. Музыкалық сүйемелдеу іс-шараға ерекше салтанат сыйлады. Әскери оркестр қатысушыларды стартта шығарып салып, мәре сызығында шеруде ойналатын ойнақы ырғақпен қарсы алды. Осының өзі жауынгерлік ынтымақты едәуір күшейтіп, күшке күш қосты. Сол себепті әскери қызметшілер жаппай жүгіруді қуанышпен, оңай және лайықты түрде орындап шықты.

– Біз бұл жарысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 25 жылдығына арнадық, – деп атап өтті жарысқа қатысқан 5-ші механикаландырылған бригада штабының бастығы, подполковник Арман Сабыров.

– Біздер үшін бұл жай ғана спорттық жарыс емес, мұнымыз біздің даңқты тарихымыздың бастауында тұрған және бүгінде елдің оңтүстік шекараларын қорғау қызметін атқарып жүрген барлық адамдарға көрсетілген құрмет. Тараз гарнизонының әскери қызметшілері денсаулықтың ең жақсы формасы жақсы дене шынықтыру екенін дәлелдеді. Олар қашықтықты абыроймен жүгіріп өтті. Өздерінің күнделікті қызметтерін абыроймен атқарып жүрген кездеріндегідей.

– Жарыс сәтті өтті, қашықтықтан ешкім шықпады, барлық қатысушылар он шақырымды ойдағыдай жүгіріп шықты. Атаулы іс-шара жауынгерлердің физикалық дайындығын тексеріп қана қоймай, әскери ұжымды біріктіріп, командалық рухты нығайтты, – деді «Оңтүстік» РМҚК жауынгерлік дайындық басқармасының дене шынықтыру дайындығының бастығы, подполковник Мадияр Бабаханов.

Спорт мерекесі марапаттау рәсімімен аяқталды. Ешкім марапатсыз қалмады, үздіктер естелік медальдармен және грамоталармен марапатталса, барлық қатысушылар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 2 5 жылдығына орай көтеріңкі көңіл-күйге ие болып, бірбірлеріне қуаныш сыйлады.

 

Талғат ТАЛАПҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар