Біздің елде маңызды мәселе елдің пікірімен жүзеге асады
- author «Ақ жол»
- 18 қыркүйек, 2025
- 723
Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда өндіріс, өнеркәсіп, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, жер қойнауын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін өте кең көлемде көтерді. Мұның баршасы ел дамуына ықпал ететін жетекші, басты салалар. Мәдениет, спорт, әлеуметтік салаға да көңіл аударып өтті. Дегенмен әр саланы зерделеп айта келе, цифрландыруды дамытуды, ал жұмысты үш жыл ішінде толық аяқтауды тапсырды. Бұл – қажетті және ауқымды міндет. Еліміздің басшысы алдымызға жарқын, күрделі жоспар, маңызды мақсат қойып отыр. Оған ілесе алмау – әлемдік өркениетке ілесе алмау.
Мемлекет басшысы осы жағын ұғынып, жедел даму мен жаңашылдыққа көшуді нақты талап етіп отыр. Президент бір палаталы Парламент құру туралы да айтып, маңызды ұсынысты көпшілік назарына тастады.
«Баршаңызға мәлім, мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санаймын. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын – бұл өте маңызды мәселе», – деп атап өтті.
Мұнан әрі Президент 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болатынын, мемлекет тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың атсалысуымен ғана шешілетінін айтып өтті. Бұл біздің елде маңызды мәселенің баршасы халықтың үн қосуымен, елдің пікірімен жүзеге асатынының көрінісі. Президенттің Жолдауын еліміздің айтулы ғалымдары мен саясаткерлері, зиялы қауым, мәдениет, спорт, өнер, әдебиет және қоғамдық ұйымдар, саяси партия өкілдері мұқият тыңдап, қызығушылықпен назар аударды. Олардың баршасы Жолдау жөнінде оң пікірлерін білдіруде. Себебі бұл Жолдау – жарқын болашақтың бағдарлы қадамы.
Цифрландыруға көшу – өркендеудің өзгеше сатысы. Әлемдік деңгейде уақыт осы цифрландыруды талап етіп отыр. Бұл міндетті атқару жастарға қиындық тудыра қоймайды. Жастар жаңашыл қадамдардың бәріне жедел кірісіп, өздерінің үлестерін қосуда. Сондықтан бұл Жолдауды үлкен құрметпен, зор жауапкершілікпен қабыл алдық. Сол жауапкершіліктің жоғары талаптарын орындап, айтылған үдеден шығу баршамыздың міндетіміз. Осы міндет пен сенімді бәріміз назарда ұстап, нақты жұмыстарға кірісіп, ел дамуына үлес қосқанымыз жөн.
Бақытжан ҚАЛЫМБЕТОВ
облыстық мәслихаттың депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




