Жаңа нысанның ашылу салта атына облыс әкімінің орынбасыры Әбілхайыр Тамабек пен компания басшылығы мен инвесторлар қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген Әбілхайыр Ғалымұлының айтуынша, жаңа нысан тек жолаушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, аудан тұрғындарын да жұмыспен қамтымақ.
– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында жолкөлік сервистерін дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осы мақсатта компания 2029 жылға дейін 60 қонақүйдің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл бағытта алғашқы жұмыстарды қасиетті Әулиеата жерінен бастағаны үшін компания басшылығына алғыс білдіреміз. Жаңа нысан тек жолаушылар мен көлік жүргізушілеріне арналған сервис қана емес, бұл ауданның экономикасын дамытуға бағытт а лған маңызды қадам. Бүгінгі күннің өзінде нысан арқылы 20 аудан тұрғыны жұмыспен қамтылмақ. Алдағы уақытта қонақ үй қызметтерінің санын көбейтіп, бұл межені одан әрі арттыру жоспарда бар, – деді Әбілхайыр Тамабек.
Жалпы ауданы 900 шаршы метрден асатын қонақ үйде 31 бөлме бар. Олардың әрқайсысы жеке душ, ванна бөлмесі, теледидар және тегін Wi-Fi желісімен қамтылған. Кешен аумағында тағамдардың кең таңдауы бар кафе, қорғалатын тұрақ, кір жуу орны мен намазхана, жолға арналған тауарлары бар дүкен, жанармай құю станциясы және электромобильдерді зарядтау орындары жұмыс істейді. Сонымен қатар мұнда қонақтар үшін гигиеналық косметика және қалалық қонақ үй деңгейіне сәйкес келетін барлық ыңғайлы жағдай қарастырылған. Ал алғашқы нысанның дәл біздің облыста салынуына аймақтың транзиттік әлеуеті түрткі болған.
– Жаңа нысан «2025-2029 жылдары Qazaq Oil жол бойындағы 60 қонақ үй» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып отыр. Аталған бағдарлама толығымен жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады және елдің негізгі автокөлік дәліздері бойында сондайақ шекаралас автомобиль өткізу пункттерінің жанында және басым туристік орындарда қонақ үйлер желісін салуды көздейді. Барлығы бір форматта Keruen Inn аялдамасын транзиттік жүргізушілер мен жүк көліктері үшін де, отбасылық туристер мен іскер саяхатшылар үшін де ыңғайлы етеді. Сервис пен энергия тиімділігінің халықаралық стандарттарына сәйке с келеді. Алғашқы қонақ үйдің Меркі маңында ашылуында да өзіндік себептері бар. Аталған аймақ Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне шығатын негізгі жол торабында орналасқан әрі екі бірдей мегаполисімізді жалғап тұр, – деді «Qazaq Oil» компаниясының оңтүстік өңірлердегі филиал басшысы Оралхан Омаров.
Оның сөзінше, осы жылы төрт қонақ үй салу жоспарланған. Алғашқысы облысымызда ашылған болса, қалғандарын Қызылорда, Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысында ашу жоспарланған.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




