Алғашқы жекпежегін сәтті өткізген Бейбарыс 1/8 финалда үндістандық Сачинменді төрешілер шешімімен ұтты. Енді ол ширек финалда өзбек боксшысы Абдумалик Халоковпен кездеседі.
Жерлесімізге сәттілік серік болсын. Сонымен қатар 80 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбек Оралбай украиналық боксшы Матвей Ражбаны ұтып, келесі айналымға өтті. Ал 55 килограмдағы Махмұд Сабырхан мексикалық Бриан Оуен Ортизді қапы қалдырған болатын. 65 килограмда жұдырықтасып жатқан Ертуған Зейнуллинов та келесі айналымға өтті.
Төрехан Сабырхан, 90 килограмдағы Сағындық Тоғамбай ширек финалға шықты. Ал әйелдер арасында отандасымыз Надежда Рябец әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңілсе, еліміздің үміті Виктория Графеева а лғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 57 килограмда Карина Ибрагимова, 70 килограмдағы Наталья Богданова жеңіс жолындағы жорығын әрі қарай жалғастырды. 65 килограмм салмақтағы отандасымыз Аида Әбікеева Оңтүстік Корея елінің өкілі Кан Сок Енді ұтып, ширек финалға өтті.
Отандасымыз Гүлсая Ержан да қола жүлдеге бір қадам жақын тұр. Әлі ширек финалдық ойындар жалғасады. Бұл жаһандық додаға әлемнің 68 елінен барлығы 554 спортшы қатысуда. От андаст арымызға алдағы жауапты ойындарда жеңіс тілейміз!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




