Астанада Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
- author «Ақ жол»
- 6 қыркүйек, 2025
- 921
6-7 қыркүйек күндері өтетін жәрмеңке «Қазанат» атшабарында, нақтырақ айтқанда Қарқаралы 1Б мекенжайында ұйымдастырылған.
Жамбыл облысы әкімінің орныбасары Әбілхайыр Тамабек жәрмеңкені аралап, баға бағамын зерделеп шықты. Тауар өндірушілермен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласына жауапты аймақ басшысының орынбасары жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін әлеуметтік маңызы бар шараға біркісідей атсалысқан барша жамбылдық еңбек адамдарына азаматтық алғысын білдірді.

Биыл Жамбыл облысынан арнайы жәрмеңкеге 250 тоннадан астам барлық әлеуметтік маңызы бар тауар жеткізілген. Атап айтқанда, 30 тоннадан астам ет, 15 тоннадан астам сүт өнімдері, сондай-ақ 200 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімі елорда тұрғындарына ұсынылды.

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлебек Құлекеевтың айтуынша, жамбылдық шаруаларға өз өнімдерін саудалауға «Елорда базарында» барлық қолайлы жағдай жасалған.
– Биылғы жәрмеңкеге 80-ге жуық жамбылдық шаруаның табиғи өнімдері жеткізілді. Ол үшін облыс әкімдігі тарапынан арнайы 11 жүк көлігі мен 2 жолаушыларға арналған автобус ұйымдастырылды. Мұнда барлық тауар нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен саудалануда, – деді Төлебек Болатұлы.

Жәрмеңкеде елордаға қоныс аударған жамбылдық тұтынушылардың қарасы қалың. Солардың бірі – Эльмира Медетбекова.
– Жергілікті пабликтерден жәрмеңке өтіп жатқандығы туралы хабарламаны естіген бойда жолдасым екеміз «Елорда базарына» тарттық. Өз өңіріміздің өнімі арнайы Астанаға келіп тұрғанда қалай қапыда қаламыз. Сөредегі тауарлардың бағасы айтарлықтай арзан. Сүт өнімдері мен құрғақ жеміс-жидектерді, әсіресе сиыр мен жылқы етін көптеп алдық, – дейді Астана тұрғыны Эльмира ханым.
Айта кетейік, екі күнге жоспарлаған шарада Жамбыл облысынан келген өнерпаздар қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




