Жамбылдық құтқарушыларға техника мен киім табыс етілді
Жиында алдымен сөз алған Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов өңір құтқарушыларына жаңа техникалардың табысталуы Мемлекет басшысының олардың жұмысына айрықша көңіл бөлуінің және елімізде тұрғындар қауіпсіздігінің алдыңғы орынға қойылып отырғанының көрінісі екенін айтты.
– Құрметті құтқарушылар! Сіздер елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алдыңғы шептің қаһармандарысыздар, қауіп-қатер туған сәтте халық ең алдымен өздеріңізге үміт артады. Сондықтан елімізде құтқарушыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға серпінді қадамдар жасалып отыр. Атап айтқанда, тұрғын үй төлемдері енгізіліп, қызметтік киім-кешек нысандары қайта қаралды. Бірлескен күш-жігердің арқасында құтқару қызметінің сапасы артып, материалдықтехникалық мүмкіндіктеріміз нығайып келеді. Бүгін өздеріңізге тапсырылып отырған жаңа техникалар мен арнайы киім-кешектер сіздердің батылдықтарыңызға, жауапкершіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге лайықты сый деп білеміз. Осы игі бастаманы іске асыруға қолдау көрсеткен облыс әкімі мен Қазақстан құтқарушылары қорына шынайы алғысымды білдіремін, – деген министр автопарктің жаңартылуы азаматтардың қауіпсіздігіне салынған инвестиция екенін, мықты материалдық-техникалық база құтқарушылардың жедел әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Ел қауіпсіздігі мен азаматтардың амандығы жолында маңызды рөл атқаратын құтқару қызметінің материалдық техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған бұл маңызды шара тек материа лдық базаны жаңарту ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің қауіпсіздік саласына, адам өмірі мен денсаулығын қорғауға басымдық беріп отырғанының айқын дәлелі екеніне тоқталған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңір тұрғындары құтқарушылардың еңбегін әрдайым ерекше құрметпен бағалайтынын атап өтті.
– Құтқарушылар, сіздер төтенше жағдайларда бірінші болып қол ұшын созатын ержүрек жауынгерсіздер. Батылдық пен кәсібилікті ту етіп, адам өмірін қорғау жолында тоқтаусыз еңбектеніп, шексіз жанқиярлық пен жауапкершілік үлгісін көрсетіп келесіздер. Сіздердің әрбір қадамыңыз – халық қауіпсіздігінің берік тірегі! Бүгін табысталатын жаңа техника мен арнайы жабдықтар қызмет сапасын арттырып, өздеріңізге жүктелген міндеттерді сенімді әрі тиімді орындауға мүмкіндік беретініне сенемін. Осы ретте Төтенше жағдайлар министрлігіне және «Қазақстан құтқарушылары қоры» жеке қорына көрсеткен қолдауы үшін облыс тұрғындары атынан шынайы ризашылығымды білдіремін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірлесе атқарылатын жұмыстар аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтарымыздың қорғалғанын сезінуіне негіз болады. Сондықтан ынтымақтастық пен бірлік арқылы алдағы міндеттеріміз де табысты орындалатынына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін. Сіздердің қажымас қайраттарыңыз бен ерліктеріңіз аймақтың қауіпсіздігі мен халқымыздың тыныштығының тірегіне айналды деп сенемін, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Жиында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ТЖД бөлімшелеріне заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, авариялық-құтқару автомобильдері, сорғы станциялары, жол талғамайтын көлік, вахталық автобус, жанармай құюшы және тіркемені сүйреуге арналған көліктердің кілтін табыстады.
Барлық техникалар жаңа байланыс және навигация жүйелерімен жабдықталған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Жеке құрамға арналған нысанды киімдерді Қазақстан құтқарушылары қоры ұсынды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




