«ТрансАлтай диалогы» жанданса шырайлы Шығыстың әлеуеті артады
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2025
- 687
«ТрансАлтай диалогы» – тек экономикалық емес, саяси және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия секілді көршілес елдердің бірлесуі Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен өзара сенімнің нығаюына ықпал етеді.
Алтай өңірі ежелден мәдени-тарихи тұрғыдан бірегей аймақ саналады. Бұл аймақты Еуразиядағы интеграциялық көпірге айналдыру – болашақ ұрпақ үшін де үлкен мұра болмақ. «ТрансАлтай диалогы» елдер арасындағы саяси сенімді арттырып, ортақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жағдай жасайды. Бұл, әсіресе, көлік-транзит саласындағы кедергілерді азайтып, тарифтік саясатты үйлестіруге мүмкіндік береді», – дейді Жамбыл облысының Құрметті азаматы.
Ақылман ақсақал аталған жоба арқылы Оралхан Бөкей шығармаында кеңінен суреттелетін өр Алтайдың әлеуеті де арта түсетінін тілге тиек етті.
«Бұл бастама аймақтағы шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біріккен жобалар арқылы төрт елдің де экономикалық әлеуеті бірігіп, Еуразиядағы «үлкен Алтайдың» беделі арта түседі. Жаһандық деңгейдегі бәсекелестікке төтеп беру үшін осындай серіктестік аса қажет. Президенттің ұсынысын қолдай отырып, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыратын қадам деп білеміз», – дейдіі пікір иесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




