«ТрансАлтай диалогы» – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан стратегиялық шешім
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2025
- 719
«ТрансАлтай диалогы» – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан стратегиялық шешім. Бүгінгі таңда әлемде көлік-транзит жүйесін дамыту тек экономикаға ғана емес, экология мен тұрақты дамуға да тікелей әсер етеді. Дәліздердің тиімді жұмыс істеуі – энергияны үнемдеуге, жүк тасымалының уақытын қысқартуға, көмірқышқыл газының бөлінуін азайтуға мүмкіндік береді.
Алтай аймағы табиғи байлыққа, экожүйенің алуан түрлілігіне бай өңір. Осы бастаманың аясында төрт мемлекет табиғатты сақтай отырып, жаңа технологияларды қолдануға, жасыл энергияны дамытуға басымдық бере алады. Бұл – жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселелермен үндес», – дейді Сауран Қалиұлы.
Сондай-ақ, өткеннен сабақ алып болашақты барлай білетін танымал тарихшының «ТрансАлтай диалогы» – білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыруға да жол ашатынына сенімі мол.
«Жас ғалымдар мен студенттер көлік логистикасы, цифрландыру, экология салаларында бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл – жаңа буынның жаһандық деңгейде ойлайтын, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды бағыт. Президенттің бастамасы – еліміздің болашағына салынған инвестиция. Тек бүгінгі емес, ертеңгі күннің игілігі үшін жасалған бұл қадамды қолдау – әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті деп санаймыз»,– дейді пікір иесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




