«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тіл – ұлттық рухтың анасы

Тіл – ұлттық рухтың анасы
Автор
Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау өтті.

Аталған байқау мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер арасында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарымқатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Байқау төрт кезеңнен тұрды : Таныстыру – қатысушылар « Біз мемлекеттік тілді дамытуға қандай үлес қосудамыз?» тақырыбында өздерін таныстырып , мемлекеттік тілге қатысты ұстанымдарын жеткізді.

« Сөздің көркі » – үміткерлер білім, өнер, мәдениет тақырыптарында мақал-мәтелдер айтып, тілдік қорларын көрсетті.

«Ой ұшқыны» – берілген тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, еркін пікір білдірді.

«Ұшқыр сұрақ – ұтқыр жауап» – қатысушылар 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға шапшаң әрі нақты жауап берді.

Байқауға қатысушылар қазақ тілін еркін меңгергендерін көрсетіп, шешен сөйлеу, логикалық ойлау, мәдени т аным бойынша білімдерін паш етті. Әскери қызметшілердің тілді құрметтеуі мен мемлекеттік тілге деген ынтасы әр кезеңде айқын көрінді.

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтауда облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басмаманы Нұрбану Молдабекова, белгілі әнші, киноактер Сергей Семыкин , Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның педагогі, көркемсөз оқу шебері, Абай оқулары облыстық байқауының бас жүлдегері Ерлан Нұрланов қазылар алқасында болып, қатысушыларға бағасын берді.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы 81067 әскери бөлімінің әскери оркестр старшинасы Кудратилла Үтепов , І І орынды облыстық шекара басқармасының офицері Еркут Палтушев, ІІІ орынды облыстық шекара басқармасының консультанты Фархаджан Суюнбаев иеленді.

Шара соңында қатысушылар Қазақстан Р еспубликасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, мемлекеттік рәміздерге құрмет білдірді. Бұл байқау өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген ықыласын арттырып қана қоймай, патриоттық рухты нығайтуғада серпін берді. Байқауда І орынды иеленген Кудраттила Үтепов қазан айында Шымкент қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Хафиза АБИЛАМИТҚЫЗЫ,

тілдерді оқыту орталығының латыннегізді

жаңа әліпбиді насихаттау және

ҚАЗТЕСТ ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар