Мен биыл азаматтық борышымды Отар гарнизонында өтеп келдім. Қазір отбасы бизнесін жалғастырудамын. Ал әскери міндетті адал орындау арқылы өзімізден кейінгілерге үлгі боларымыз анық. Ауылда өзімнен кейінгі іні буындар маған қызыға қарап, сарбаз ретінде кезіккен түрлі қызықты оқиғаларды бөлісуді сұрайды. Барынша жастардың баруына себепші болып, сарбаздарға жасалған жақсы жағдаяттар бар екенін құлағдар етіп жүрмін. Әскери борышты өтеу – жігіттер үшін үлкен сын. Сол сыннан сынбай, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп, абыроймен оралу – бұл да бір үлкен жеңіс десе де болады.
Шынымен де әскер адамды өзгертеді. Орынсыз сөйлей бермейсің. Әр адымыңды аңдап, ойланып басасың. Әскер деген – өзге әлем. Бір адам тәртіп бұзса, кесірі барлық сарбазға тиеді. Бір қадам қате бассаң, тек сен үшін барлық сарбаз тапсырманы басынан бастап, қайта орындауға тиіс болады. Жалғыз өз басыңды ойламай, командамен жұмыс істеуге дағдыланасың. Өз бойымда ондай нәрсе көп біліне бермейді. Өз ортамда ғана толықтай ашылып, әңгіме айта аламын.
Қазақта «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» деген жақсы сөз бар. Бір әулеттің ғана емес, халықтың ұлы болу – кез келген ер азаматтың арманы. Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі. Қайсарлықтың көрінісі емес пе? Мұны жүрегі қазақ деп соққан әрбір жастың түсінері анық.
Ауылда інім Рамазан Құлибай әскерге барамын деп дайындалып жүр. Әзірге жасы жетпей жүр. «Жасым жетсе, бір сәт те тұрмай кетіп қалар едім», дейді ол. Осындай әскерге баруға дайындалып жүрген жастармен қорықпай барған дұрыс, қазір барлық жағдай жасалған деп айтып отырамын. Ер азамат үшін елдің тыныштығы, тұтастығы қашанда бірінші орында тұруы тиіс.
Нұрасыл ДӨНЕНБАЙ,
жеке кәсіпкер
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




