Қонаевтың еліміздің дамуына сіңірген еңбегі өте орасан. Халқын сүйген дана ақсақалға елдің де ықыласы ерекше, құрметі бөлек болатын. Қазір қанша уақыт өтсе де Қонаевқа деген құрмет бір сәт те толастаған емес. Дінмұхамед Ахметұлы – елдің мақтанышы.
22 тамыз – Дінмұхамед Қонаевтың өмірден озған күні. Осыдан 32 жыл бұрын дәл осы күні ардақты ақсақалдың жүрегі соңғы рет соққан болатын. Халқының дара перзентін ел-жұрт ешқашан ұмытпай, әрқашан есімін ардақтап келеді.
Дінмұхамед Қонаевтың өмірден озған күніне орай Тараз қаласындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. «Оңтүстік» әскери қолбасшылығы оркестрінің сүйемелдеуімен мұңды әуен ойнап тұрды.
Ескерткішке алғашқы болып Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, Жамбыл облысының Құрметті азаматтары Аманкелді Кәрентаев, Қасымхан Төлендиев, Тараз қаласының Құрметті азаматтары Батырбек Құлекеев, Балабек Нарбаев, халықаралық «Қонаев қоры» облыстық филиалы төрағасы Қибат Асқарбеков, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, қоғам белсенділері Күләш Назарбекова, Бәтес Егембердиева, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асылхан Шүңіреков, Жүніс Әлімбеков бастаған белгілі азаматтар гүл шоқтарын қойды.
Мұнан соң облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, басқарма, департамент, бөлім басшылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қоғамдық ұйым өкілдері, Тараз қаласының тұрғындары да гүл шоқтарын қойып құрмет көрсетті.
Мұнан соң Алатаудай дара тұлға Қонаевтың рухына арналып Құран бағышталды.
Дара тұлғаға деген құрмет қашанда толастамайтыны анық.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




