Енді пара спортшы қасына бір адам ертіп жүре ме?
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2025
- 1.0k
Осыған сәйкес Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 ақпандағы өкімімен белгілі қоғам қайраткері Кенжеғұл Социалұлы Сейтжан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалған болатын. Кенжеғұл Сейтжан арнайы іссапармен Жамбыл облысына келіп, осы салаға жауапты жетекшілермен, мамандармен кездесті.
Уәкілдің жұмысының негізгі мақсаты халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру болып табылады.
Оның қатысуымен өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова көпшілікке облыс әкімі жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі болып жаңадан тағайындалған Шолпан Ахметованы таныстырды. Уәкіл өзіне жүктелген жауапкершіліктің үлкен екендігін айтып, ел сенімін ақтауға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.
Жиын барысында Кенжеғұл Социалұлы салаға қатысты өз шешімін күткен мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Осыған байланысты ол жағымды жаңалық ретінде алдымен бұдан былай халықаралық жарыстарға ел атынан қатысатын мүгедек спортшылардың қасында көмекшісі ретінде бір адамның еріп жүруіне рұқсат беретін шешім қабылданғандығын тілге тиек ете келе, инва таксидің қызметін жүйелендіру, мүмкіншілігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз етуде оқу курстарымен қамту, инклюзивті туризмді қолжетімді ету және қоларбада би билеу бойынша халықаралық турнир ұйымдастыру, сондай-ақ асыраушысынан айырылғандарға берілетін арнаулы-әлеуметітк жәрдемақының қазіргі кемшін тұстарын дұрыстау секілді проблемаларды шешуде өз тарапынан тиісті шаруаларды қолға алып, іске кірісетіндігін мәлімдеді.
Мәртебелі мейман қорытынды сөзінде жергілікті жердегі жалпы саны 300 мың адамнан асып жығылатын осал санаттағылардың құқықтарын қорғауда сала мамандарына оңай болмайтындығын айта келе, жиынға қатысушыларды осы жолда бірлесе еңбек етуге шақырды. Жаңадан тағайындалған әріптесінің ісіне сәттілік тіледі.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




