Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірденбір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тыйым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллонынан газдың шығып жатқанын тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.
Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон бұзылған болса, оны өзіңіз жөндеуге тыйым салынады. Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жайттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу – өте қауіпті. Сондықтан үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек. Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолына сіріңке ұстап ойнаған жасөспірімдердің абайсыздығынан болған өрт оқиғалары аз емес.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Су – өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Құм өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы. Оның отты сөндірудегі әрекеті – ол жанғаш затты салқындатады.
Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде, ол жанған затты толығымен тығыз жабады және оған ауа жібермейді.
Көбінде өрт оқиғасы автокөлікте тіркеледі. Автокөліктегі өрттің негізгі себептері – қозғалтқыштың электр өткізгіштерінің, яғни электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы, отты абайсыз қолдану, отын құбырының үзілуі немесе ақауы. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан болады.
Автокөлік иелері нені есте сақтауы керек? Әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу керек және оны қолдана білу қажет. Автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау, аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында қуаттауға жол бермеу де маңызды. Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде бірнеше тәртіп ережелерін сақтаңыз. Біріншіден, көлікті тоқтатыңыз. Қозғалтқышты өшіріңіз. Сорғыштың құлпын босатыңыз, бірақ сорғышты ашпаңыз. Барлық жолаушыларды шығарыңыз. Өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз. Егер қауіпті болмаса, машинада бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз. Өрт сөндіру кезінде мотор бөлігінде суды пайдаланбаңыз, себебі бұл электр өткізгіштің қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына және жану алаңының ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Азат АМАНГЕЛДІ,
Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға анықтаушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




