«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шаруа жауынқұрттан тыңайтқыш өндіруде

Шаруа жауынқұрттан тыңайтқыш өндіруде
Ашық дереккөз
Кәсіп жас талғамайды, тек талап білдірсең болғаны. Мәселен, қаратаулық Бекбол Көпбаев алпыс үш жаста бола тұра жауынқұрт өсіру арқылы табиғи тыңайтқыш өндірумен айналысып келеді. Шығыны аз, кірісі мол кәсіп ауыр еңбекті де қажет етпейді.

– Менің өсіріп отырғаным калифорниялық қызыл жауын құрттар. Олар тез көбейеді, суыққа төзімді. Мұнымен айналысу кез келген адамның қолынан келеді. Мал көңіне қызыл құрттарды қосып, қарашірікке, яғни органикалық тыңайтқышқа айна лдыру арқылы топырақ құнарын арттыруға болады. Мұның түк қиындығы жоқ. Тыңайтқышты өндіретін жауынқұрттар. Сіз тек құрттарға қолайлы орта дайындып берсеңіз болғаны, – дейді ол.

Шаруа іс бастамас бұрын о сы кәсіптің қыр-сырына қаныққан. Сұрастырып, оны қолға алған азаматтармен тәжірибе бөліскен. Кәсіптің бұл түрі Түркістан облысында өріс алған. Айналысушылар тіпті әр ауылда кездеседі. Сұраныстың көптігіне қарай олардың арасында бәсекелестік те жоғары. Алғашқыда таңсық көрінген тірлікті қолға алғандар енді, міне, ауданымыздан да табылып жатыр.

Бекбол Көпбаев калифорниялық құрттарды өсірумен айналысқанына үш жылға жуықтады. Қазір қорадағы малдың қиын тыңайтқышқа айналдырып отыр.  Қала іргесіндегі шаруа қожалықтың қорасын пайдаланып жатқан оған малдың қиын табу қиындық тудырмайды. Шаруашылық иесімен келісіп, құрт азығын алып та жатыр.

Мәселен, шылаушындар 10 тонна қидың 6 тоннасын таза экологиялық өнімге айналдыра алады. Оның нарықтағы құны да төмен емес. Шаруа қазір биогумустың 1 литрін 75 теңгеден ұсынып жүр. Өйткені өнімді тұтынушыға сұйықтық мөлшермен алған тиімді. Ондайда тыңайтқыш ылғалдылығын сақтап қалады. Қазір экологиялық таза өнімге сұраныс білдіріп жатқандар аз емес көрінеді.

Аймаққа кең таныла қоймаған іске білек түрген шаруаның алға қойған жоспары көп. Алдымен, тыңайтқыш пен құрттарды ажырататын сүзгі жабдығын сатып алу, осылайша өнім көлемін арттыру. Сонымен қатар бос жүрген азаматтарға кәсіптің тиімділігін түсіндіру, тірлікке тарту. Істің игілігін өзі ғана көрмей, өзгелерге таныту.

Ал жауынқұрт өсіретін нысанды жалға беріп отырған «Қоныратбай» шаруа қожалығының иесі Руслан Қожабековтің іскерлігі, өнертапқыштығы өз алдына бөлек тақырып. Руслан қазірдің өзінде мал азығына қажет ширатпа жем, шөп турайтын қондырғыларды электр тоғынан ажыратып, жұмысты газ арқылы атқаруға көшкен. Үнемділікпен қатар, өнімділік те жоғары. Жем-шөп қалдықтары осы қондырғылардың көмегімен туралып, шылаушындарға азық ретінде пайдаланылады.

Байлық бейімделгенге бітеді. Ниетсіз нәтиженің болмайтыны тағы бар. Бұған нәсібін кәсіптен айырып жүрген шаруалардың табандылығы дәлел.

Нарбол ҚАШАҒАН,

журналист.

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар