20 жасар жамбылдық Сурдлимпияда ойындарының жүлдегері атанды
- author «Ақ жол»
- 12 мамыр, 2022
- 229
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен дүбірлі доданың 77 келі салмағында белдескен Нұржан алғашқы кезеңде-ақ әлем, Еуропа және Олимпиада чемпионы, түркиялық Мұхаммед Акденизбен тартысты белдесу өткізіп, 5:3 есебімен есе жіберген болатын. Алайда қарсыласы финалға шыққан соң, Нұржан қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Жүлделі орын үшін болған шешуші белдесуде ол болгариялық тәжірибелі, жасы 40-тан асқан палуан Христо Станойчевті небәрі 25 секундта таза жеңіп шықты.
«Менің бұл қола медалім — тұңғыш әрі тарихи емес. Бұл жарыста өзге де мықты палуандар ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді. Бірақ дәл осы нәтижем өзім үшін ерекше кезең болды, себебі бұл — үлкен спортқа салған алғашқы нық қадамым», — дейді Нұржан Асан.
Осылайша, Нұржан Асан XXIV Сурдлимпияда ойындарының қола жүлдегері атанып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын иеленді. Бұл биікке жетуде Нұржанның жеке еңбегімен қатар, оның бапкері Ринат Исмайловтың да ұзақ жылғы тынымсыз дайындығы үлкен рөл атқарды.

Осы Сурдлимпияда ойындарынан кейін екі бірдей үлкен марапат табысталды: Нұржан Асан – еңбек сіңірген спорт шебері, ал оның жеке бапкері Ринат Исмайлов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болды.
— Біз бұл жетістікке он жылдай бірге дайындалдық. Әрбір жаттығу, әрбір жарыс — үлкен тәжірибе болды. Еңбегіміз ақталып, екеуміз қатар марапат алғанымыз — біздің команда үшін ерекше сәт, — дейді бапкер Ринат Исмайлов.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




