Қазіргі таңда аталған тарихи үйде музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түрлі ісшаралар өткізіліп тұрады. «Кеңес Одағының батыры Ақәділ Суханбаев 1920 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданында дүниеге келіп, 1944 жылы Польшада қаза тапқан. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін, колхозда жұмыс істеді.
1941 жылы Қызыл армия қатарына алынды. 174-Борисовск Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 628-Гродненск Қызыл тулы полкіндегі 1-батальон құрамында болды. Батырдың балалық шағы өткен осынау қоржын там – өткеннің өнегесі. Үй 1935 жылы сабан кірпішпен тұрғызылып, үсті қамыспен жабылған екі бөлмеден тұрады. Мұнда абаттандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.
31 шілде – А. Суханбаевтың қатысуымен жасалған ерлікке 81 жыл. Осынау күнге орай, Байзақ аудандық тарихиөлкетану музейінің ұйымдастыруымен А.Суханбаев атындағы мұражай үйде танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Ақәділ батырдың ерлігі – жас ұрпаққа үлгі», – дейді музейдің ғылыми қызметкері Айнагүл Мамытбекова. Ал, батырдың туысқан інісі Бейсенбек Өзенбайдың өз айтары бар.
«Ағам А.Суханбаев әкемнің айтуы бойынша жастайынан өте өжет, батыл болып өсіпті. Әскер қатарына алғашқылардың бірі болып алынып, өз ерлігін 1944 жылдың 31 шілдесінде Польша жерінде, Стжельцовизна деревнясы үшін болған шайқаста жасаған. Деректерге үңілетін болсақ, Ақәділ Суханбаев шешуші сәтте жауынгерлердің алға жылжуына кедергі жасап жатқан жау пулеметіне кеудесін тосып, оқ нөсерін тоқтатқан. Осы ерлігі үшін 31-ші армияның қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры, генерал-полковник Василий Васильевич Глаголевтің тапсырмасымен денесі Польшадан Литваның көрікті қаласына әкелініп, үлкен әскери салт-жоралғымен жерленген. Қазақ жауынгеріне осыншама құрметтің көрсетілуі оның ерлігінің соғыс тарихында маңызды рөл атқарғандығын көрсетеді. Мен ұл-қыздарыма, немерелеріме осы жайлы үнемі айтып отырамын. Ауылымызда бүгінгі күнге дейін сақтаулы тұрған киелі шаңырақ үлкенкіші келіп тамашалайтын мәдени ошаққа айналды. Жан-жағы жасыл желекпен көмкеріліп, күтім жасалып тұрады. Біз батырдың ұрпақтары ретінде музей ұжымына, осындағы қараушыға шынайы ризашылығымызды білдіреміз», – дейді ол.
Бұл күнде Артық Үкібаев басқаратын аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері аталған тарихи үйді ерекше қамқорлыққа алған.
Есет ДОСАЛЫ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




