Ауыл тұрғындарын жаңа ныс анның ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы мәдениет ошағы қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайтуға маңызды бағытталған құрылым екендігіне тоқталды.
– Ұлттық мәдениет пен өнер – адамзаттың қоғамдық сана-сезімін қалыптастырып, нығайтатын негізгі факторлардың бірі. Қазақ халқының кең байтақ даласында қалыптасқан рухани мұралар – ұлттың мақтанышы әрі мәдени дамуымыздың қайнар көзі. Сондықтан мәдениет ошақтары – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ететін маңызды құрылымдардың бірі. Бүгінде Мемлекет басшысының қолдауымен өңірде мәдениет саласының инфрақұрылымын жанжақты дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Шу ауданы – таланттар бесігі. Бұл қасиетті өңірде мәдениет саласына елеулі үлес қосқан дарынды тұлғалар дүниеге келген. Олардың өмір жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Бүгін ашылып отырған мәдениет үйі халықтың рухани қазынасына ерекше мән беріп, кейінгі жас ұрпаққа осы сабақтастықты жалғайтын орын болмақ, – деді Ербол Қарашөкеев.
Айта кетейік, бүгінде облыста мәдениет саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Бүгінде өңірде аталған салада 500-ден аса мекеме қызмет көрсетуде. Өткен жылы өңірде 20 мәдениет нысаны салынып, оның 8-і пайдалануға берілген. Шу ауданында да осы салада оң өзгерістер бар. Ауданда шығармашылық бағыттағы 71 үйірмеге мыңнан аса тұрғын қатысады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




