«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен көрсетілу тәртібі

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен көрсетілу тәртібі
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында 6 мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызмет басқармамен тікелей көрсетіледі.

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда көрсетіледі.

«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» және «ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады. Ал «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.

Сонымен қатар 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді басқарма бағынысындағы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі және балаларжасөспірімдер спорт мектептері көрсетеді.

«Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттарыколледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» және «Балаларжасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2025 жылдың 19 маусым күні №98 бұйрығымен өзгерістер енгендігін хабарлайды. Толық ақпарат ресми сайтта жарияланған https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400009902.

Ұқсас жаңалықтар