Осы орайда, Ақтоғай ауылында «Қонақ үйі» демалыс орнының ашылу салтанаты өтті. Кезінде Ақтоғай ауылында дүниеге келіп, оқып, білім алып, туған жерден түлеп ұшқан Жүзбосын Жұмабеков ауыл тұрғындарының игілігіне «Қонақ үйі» демалыс орнын ашып, «Туған жерге туыңды тік» деген ұлағатты сөздің көрінісін қалыптастырды. Құрылысы 2025 жылдың наурыз айынан басталып, шілде айында аяқталып отыр.
Жоба құны 30 миллион теңгені құрайды. Аумағы 50 сотық орын алатын тамаша демалыс орнының ашылуына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қатысты. Шарада аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа кәсіпкерлік нысанның жұмысына табыс тіледі.
Сонымен қатар аудан ақсақалы Тоқтасын қария, қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев та сөз сөйлеп, ауылдың дамуы үшін мұндай нысандардың маңызы зор екенін айтты.
Іс-шара барысында кәсіпкер Жүзбосын Жұмабеков аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты. Демалыс орнының лентасын аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев, Маятас ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұржан Қойшыбаев салтанатты жағдайда қиып, Құран бағыштады.
Ашылу салтанатында аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Сарысу ауданы
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




