«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ТЖД хабарлайды

ТЖД хабарлайды
Автор
ТЖД хабарлайды

Бір аптада – 186 шақырту

Өткен аптада облыс аумағында жедел кезекшілік бойынша 30 төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді. Оның 10-ы – табиғи сипаттағы, 18-і – техногенді сипаттағы, ал 2-і – жедел ақпарат.

Облыстық департамент бөлімшелері 186 рет шақыртуға шықса, оның 158-і (өрт – 26, жану оқиғалары – 128, авариялыққұтқару жұмыстары – 2, басқа да түрлі сипаттағы – 2) өрт сөндіру бөлімшелеріне тиесілі. Нәтижесінде бір адам құтқарылды. Ал жедел құтқару жасағы 28 авариялық-құтқару жұмыстарына шығып, екі баланы құтқарды. Апта ішінде «Қазгидромет» РМК облыстық филиалынан келген 7 дауылдық ескертуді облыс тұрғындарына жеткізу үшін ұялы байланыс операторларына 17 смс-хабарлама жіберілді. 101 және 112 желісіне түскен 10191 қоңыраудың 797-сі жедел сипаттағы, 9394-і жедел емес сипаттағы қоңыраулар болды.

Департамент бөлімшелері жаңғыртылуда

Қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен төтенше жағдайларға жедел әрекет ету талаптарының артуына байланысты, төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері ауқымды жаңғыртудан өтуде.

Басты мақсат – кез келген жағдайда әрекет етуге дайын құтқару бөлімшелерінің дайындығын арттыру, қызмет көрсету жағдайларын жақсарту және халықпен өзара ісқимылды нығайту. Жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі – материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыру. Жеке құрам үшін заманауи қызметтік ғимараттар жабдықталып, тұрмыстық жағдайлар жақсартылуда.

Мәселен Тараз қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Күрделі жөндеу барысында шатыр толығымен жаңартылып, тірек құрылымдары нығайтылды, гидрооқшаулау жүргізіліп, барлық талаптарға сай заманауи материалдар қолданылды. Бұл бұрынғы кемшіліктерді жойып қана қоймай, ғимараттың жалпы қауіпсіздігі мен жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Аталған жұмыстар азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесінде жүзеге асты. Облыста ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға және нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы да іске асырылуда.

Аталған жоба аясында Меркі ауданының Тәтті ауылында ерікті өрт сөндіру бекеті жаңғыртудан өтті. Жаңғырту жұмыстары барысында материалдық-техникалық база жақсарып, қызмет жағдайы жақсартылды, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары жаңартылды. Негізгі мақсат – аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық жерлерде төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету. Бекетті жаңарту ауыл құтқарушыларының жұмыс тиімділігін арттырып, азаматтық қорғаныс жүйесінің нығаюына ықпал етеді.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы – ауылдардың қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Жаңғырту жұмыстары ауданның өзге де елді мекендерінде жалғасын табады.

Жоспарлы тексеру жүргізілді

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметін ұйымдастыру басқармасының қызметкерлері бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша гарнизон бөлімшелеріне жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының өрт сөндіру бөлімдерін қамтыды. Іс-шаралар барысында жеке құрамның тактикалық арнайы дайындығының деңгейі, газтүтіннен қорғау қызметінің жағдайы, тиісті құжаттаманың жүргізілуі және тыныс алу аппараттарын толтыру пункттеріндегі компрессор жабдықтарының техникалық қызмет көрсетуі бағаланды.

Қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тексеру қорытындысы бойынша қызметтің дайындық деңгейін арттыру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

Жанармай бекетінде абай болыңыз!

Жуалы ауданында төтенше жағдайлар мен жергілікті полиция бөлімдерінің қызметкерлері жанармай және газ құю бекеттерінде, сондай-ақ мұнай өнімдерін сақтау базасында өрт қауіпсіздігі жағдайын тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.

Тексеру барысында автокөліктердегі алғашқы өрт сөндіру құралдарының жай-күйіне, жанғыш материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына және нысандардың техникалық жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара аясында бекет қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігін сақтау және ықтимал өрттердің алдын алу бойынша қосымша нұсқаулар мен ұсыныстар берілді. Рейд барысында газ қондырғылары орнатылған автокөліктерге ерекше назар аударылды, себебі оларды дұрыс пайдаланбау өрт шығу қаупін арттырады.

Құтқарушылар – Жартас көлінде

Талас ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция қызметкерлері Жартас көлінде бірлескен тексеру шарасын өткізді.

Рейд барысында шомылуға тыйым салынған орында суға түскен азаматтар анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мұндай рейдтердің басты мақсаты – судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу және су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша азаматтардың жауапкершілігін арттыру.

Суда қауіпсіздікті сақтау – маңызды

Жазатайым оқиғалардың алдын алу, халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Жуалының «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы аумағында патрульдік профилактикалық шара ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында судағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы демалушылармен түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, құтқару бөлімшелерінің жабдықтары мен іс-қимылдары көрсетілді. Сондай-ақ суда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық ұсыныстар беріліп, судағы жағдайды нақты уақытта бақылау және патрульдеу мақсатында дрон қолдану арқылы аэровизуализацялау жүргізілді. Ерекше назар су айдындарында демалу кезінде балалар мен жасөспірімдерді бақылау қажеттігін түсіндіруге аударылды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар