
Batyr Team туының астында өнер көрсеткен Серік тек жоғары деңгейдегі шеберлігін ғана емес, сонымен қатар рухтың мықтылығы мен жеңіске деген қайтпас жігерін көрсетті. Серік Тілекеев алтын медальға ие болумен қатар, оның Batyr Team жалауын әлемдік аренада асқақтатып көтеріп шыққан сәті турнирдің жарқын символына айналып, спорттық бауырластық пен өз жолына деген құрметті айқындады.
Бүгінде Серіктің үлесінде көп жылдық жаттығулар, аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы, 2023 жылғы ел чемпионатының, 2024 жылғы түркі халықтары халықаралық турнирінің жеңістері бар. Енді бұл тізімге әлемдік деңгейдегі жаңа жеңіс қосылды. Бұл тек жеке жетістік емес, бүкіл ел үшін мақтаныш екені даусыз.
Құтқарушы ретінде күнделікті қызметінде Серік тек спортта ғана емес, өмірде де нағыз батыр болуға болатынын дәлелдеп келеді. Оның өмір жолы жас құтқарушылар мен спортшыларға шабыт беріп, табандылық, ерлік пен өз ісіне адалдық адамды биіктерге жетелейтінін көрсетіп отыр.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді