Тараз қаласындағы Халық қаһарманы М.Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Бекзат Исабек Түркістан қаласында өткен ALAsh Pride халықаралық турнирінде еліміздің намысын абыроймен қорғады.
Batyr Team командасының атынан шыққан Бекзат кештің басты жекпе-жектерінің біріне қатысып, бразилиялық спортшы Брендо Бабилонияны жеңді.
Бұл жекпе-жек еліміздің құтқарушылары тек қызмет бабында ғана емес, кәсіби спортта да табандылық пен ерлік таныта алатынын көрсеткен жарқын мысал болды. Бекзат Исабек осылайша өрт сөндіруші мамандығына тән күш-жігер мен жоғары дене дайындығын тағы бір дәлелдеді.
Жамбыл гарнизоны тек өз бөлімінің ғана емес, еліміздің азаматтық қорғау жүйесінің абыройын халықаралық аренада лайықты деңгейде таныта білген әріптесінің бұл жетістігін мақтаныш етеді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




