ҚАЖД: рақымшылық туралы Заңды түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- author «Ақ жол»
- 27 маусым, 2025
- 1.8k
Аталған түсіндірме жұмыстары барысында сотталғандарға рақымшылық туралы Заңның негізгі қағидалары, рақымшылыққа ілігудің шарттары, оны қолдану тәртібі мен ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заңның әрбір баптарына жеке тоқталып, сотталғандардың қойған сұрақтарына нақты және толық жауаптар берілді.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты — рақымшылық актісінің құқықтық мазмұнын түсіндіру арқылы сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заң талаптарын дұрыс түсінуіне жағдай жасау және Заңды тиімді әрі әділ қолдануға негіз қалау.
Іс-шара соңында арнайы бөлім мен тәрбие бөлімі қызметкерлері тарапынан рақымшылықтың сотталған әрбір адамға жеке тәртіппен қолданылатыны, бұл ретте нақты қылмыстық іс пен сот үкімінің мән-жайлары ескерілетіні туралы да ескерту жасалды.
Ұқсас жаңалықтар
Бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




