Қарашөкеев жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына құрмет көрсетті
- author «Ақ жол»
- 24 маусым, 2025
- 329

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері мен сіңірген еңбектері үшін алғыс білдірді.
– Мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жастардың бойынан біз отбасылық тәрбиені, ұлттық құндылықтарды және Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті байқаймыз. Олар күн сайын ел азаматтарымен тікелей жұмыс жүргізіп, халық сенімін ақтауға күш салып келеді. Осы биік адамгершілік қасиеттер – ең алдымен, сіздердің отбасыларыңызда берілген тәлім мен тәрбиенің нақты көрінісі деп білеміз. Сіздер өз ұрпақтарыңызды адалдыққа, әділеттілікке, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсетуге тәрбиелеп, үлгі көрсеттіңіздер. Бүгінде олар ел игілігі жолында аянбай тер төгіп, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді, – деді облыс әкімі.
Бұдан соң, мемлекеттік қызметтегі жемісті еңбегі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған 13 азаматтың ата-анасына облыс әкімінің Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды. Кездесуде жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары сөз сөйлеп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді. Бұл күні өңір басшысы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 4 446 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, оның ішінде жастардың үлесі 35,6 пайызды (817 адам) құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді