«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мемлекеттік қызметшінің этикасына мән беріледі

Мемлекеттік қызметшінің этикасына мән беріледі
Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.

Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлқына үлкен мән беріледі.

Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттерді, моральдық-адамгершілік қасиеттерді және этикалық мінез құлықты көрсетуге негізделген. Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілер туралы қоғамдық пікір олардың жұмыс орнындағы, жұмыстан тыс уақыттағы, атап айтқанда қоғамдық орындардағы мінез-құлқына сәйкес қалыптастырылады.

Осыған байланысты, Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның сыртқы келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, ресми, ұстамдылық пен дәлдікпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі тиіс.

Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Жас мамандарға мемлекеттік қызметте жұмыс істеген алғашқы күндерінен бастап азаматтармен және жұмыс жөніндегі әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылықты, дұрыстықты, қарапайымдылықты, сөйлеу мінез-құлқы мәдениетін сақтау қажеттілігіне сенім артылады.

Мемлекеттік қызмет мәдени институт ретінде – бұл мемлекеттік қызмет жүйесінің даму деңгейі, онда мемлекеттік қызметшілердің құзіреттілігі, кәсібилігі, моральдық қағидаттары осы деңгейді іске асыруға, оның азаматтардың нақты өміріне тиімді әсер етуіне жағдай жасауға тиіс. Кәсіби этика мемлекеттік қызметте әр түрлі және деңгейдегі басқару органдарында жұмыс істейтін әр түрлі мамандықтағы адамдарды біріктіреді.

Қызметтің бұл түрі қоғаммен үнемі байланыста болуды көздейді, бұл өз кезегінде кәсіби қызмет процесінде этикалық ережелер мен мінез-құлық нормаларына белсенді түрде жүгінуге әкеледі.

 

Марал ДИЛДАБЕКОВА,

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіл.

Ұқсас жаңалықтар