Қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды
- author «Ақ жол»
- 21 маусым, 2025
- 1.4k
Осы аптада Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылында бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты.
– Прокуратура органдары тарапынан заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар аясында біздің өңірде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылданды. Оның жарқын мысалы қамтамасыз ету, – деп облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров атап өтті.
Бұл амбулатория ел бойынша бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысандардың бірі. Бұған дейін ауыл тұрғындарына 1959 жылы салынған ескі ғимаратта қызмет көрсетілген. Аудан орталығы мен Үлкен Сұлутөр ауылы арасындағы үлкен қашықтықты ескере отырып, жаңа амбулатория 1500-ден астам тұрғынға қажетті медициналық қызметтерді ауылдан шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Медициналық мекеме алғашқы дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық құрал жабдықтармен, физиотерапия, оңалту және ЭКГ кабинеттерімен жабдықталған.
Жамбыл облысының прокуратурасы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




