Өңірлік кадр резервінің екі мүшесі лауазымға тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 17 маусым, 2025
- 1.6k
Ұлан Сейсенұлы Айхожаев Өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметіне кірісті. Ұлан Сейсенұлы 1994 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Ұлттық зерттеу университеті Экономика жоғары мектебінде (РФ, Санкт-Петербург қаласы) білім алған.
Экономика және бизнес магистрі. Еңбек жолын 2019 жылы жеке секторда бастаған. Әр жылдары «SUN Inc.» ЖШС-ның басқарушы директоры, «Айкүміс» шаруа қожалығының қаржы директоры, «Алашорда» мектебінің директоры, «Ғарыш» дизайнерлік студиясының бренд менеджері қызметтерін атқарған.
Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының депутаты. Ерсаят Батырханұлы Қоңырбай Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды. Ерсаят Батырханұлы 1997 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
Қазақстан инженерлі педагогикалық Халықтар достығы университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2018 жылы қаржы ұйымында бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, директорының орынбасары, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




