
«Ауыл Аманаты» ауылдықтарды қуантты
2019 жылдан бері таластықтар да «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көріп жатыр. Осы орайда ауыл тұрғындарына мүлік кепілдігімен пайыздық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын 5-7 жыл мерзімге несие берілуде. 2023-2024 жылдары «Ауыл Аманаты» жобасы аясында Бостандық ауылдық округі бойынша 132, Берікқара ауылдық округінен 130, Аққұм ауылдық округінен 104, Ақкөл ауылдық округінен 107, С.Шәкіров ауылдық округінен 80 азамат несие қаражатын алды. Жалпы барлығы 553 жобаға 3,2 миллиард теңге қаражат алынды. Алынған несие қаражатына барлығы 1040 мүйізді ірі қара, 17650 уақ мал, 1799 жылқы және 30 түйе сатып алынды. Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібі үшін – 13 жоба 95,8 миллион теңге, құрылысқа қажетті өнімдер шығару бойынша – 7 жобаға 46,8 миллион теңге, қызмет көрсету саласы бойынша – 23 жобаға 165,5 миллион теңге қарастырылған. Оның ішінде бүгінгі күнге 29 жобаға 197,4 миллион теңге қаражат берілді. Осылайша, «Ауыл аманаты» жобасы шаруалар мен кәсіпкерлердің жұмысын жақсартуға оң әсерін тигізіп отыр.
Жаңа техника – жаңа белестер
Қазақта «Ескіні жамағанмен жаңа болмас» деген нақыл бар. Қазіргі таңда шаруалар үшін ең маңыздысы ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы. Аудан бойынша 812 дана ауыл шаруашылық техникасы тіркелген. Ал 2025 жылы 56 дана ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жоспарланыпты.
Бұл барлық техниканың 6,5 пайызы. Осы кезге дейін 3 жаңа трактор, 5 дана басқа да техника сатып алынған. Жалпы, ауданда ауыл шаруашылығы бағытында қолданыстағы 323 трактор тіркелген.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жылдан жылға жаңарту жұмысы назарға алынған. Жаңа техника сатып алу, заман талабына сай бір өзі жұмыс көлемін басқа техникаға қарағанда бірнеше есе артық орындайтын тракторларды сатып алу жұмысы да тоқтаусыз жүріп жатыр. Себебі, жаңа техника, сапалы техника – мол өнім кепілі.
Биылғы жылға 519 гектар егіс көлемін тамшылатып, жаңбырлатып суару әдісімен және лазерлі тегістеуішпен егу көзделуде. Оның ішінде «Зерхат» шаруа қожалығы – 190, «Рәтбек» шаруа қожалығы – 35, «Нұрдаулет» шаруа қожалығы – 100 гектар, «Демеш» шаруа қожалығы – 55, «Мирас» шаруа қожалығы – 10 гектарды құрады. Жалпы, лазерлі жер тегістеу 129 гектар көлемді қамтып отыр.
Жер теліміне қол жеткізу – көптен күткен қуаныш
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін көлемі 0,1000 гектарды құрайтын, яғни, 10 соттық жер учаскесін тегін алуға құқылы. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Талас ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 1149 адам тіркелген, оның ішінде Қаратау қаласы бойынша 887 адам, 262 адам ауылдық округтерге тиесілі.
Қаратау қаласында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін қаланың шығыс бөлігінде алқап белгіленген. Алайда аталған алқап инфрақұрылымдық жүйелермен (ИКИ) қамтылмаған. Дегенмен, қаланың батыс және шығыс бөлігінде орналасқан жеке тұрғын үй алқаптарында бос тұрған (бұзылып кеткен) жер учаскелерін иесіз мүлік ретінде танып, коммуналдық меншікке алу үшін сотқа талап арызбен жүгіне отырып, сот шешімімен аталған жер учаскелерін кезекте тұрған тұрғындарға беру жоспарлануда.
Одан бөлек, қаланың шығыс бөлігінде орналасқан алқапқа қажетті инфрақұрылым жүйелері жүргізілген соң, жер кезегі мәселесі оң шешімін табатын болады.
Қарқынды құрылыс – уақыт талабы
Ауданда құрылыс саласында да қарқын бар. Қаратау қаласы А.Шейн көшесі №15 нысандағы қонақ үйді әкімшілік нысан ретінде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 600,0 миллион теңге бөлініп, қосымша 1,0 миллиард теңге облыстық бюджеттен бөлінуі күтілуде.
Бүгінгі күнге мердігер анықталып («Агро Спец Строй» ЖШС), қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жыл басында кезекте тұрған 1365 тұрғындардың саны 94 адамға кеміп, 2025 жылдың 1 мамырға кезекте тұрған азаматтар саны 1271 адамды құрады. Олардың ішінде көп балалы отбасылар, әлеуметтік осал топтағылар, бюджеттік қызметкерлер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.
Сондай-ақ, Қаратау қаласындағы 185 пәтерді құрайтын 2024 жылы қайта жаңғыртылған үш көпқабатты тұрғын үйлер (Б.Момышұлы көшесі №15 және 3 шағын ауданы №64, Б.Момышұлы №17) ағымдағы жылы қолданысқа беріліп, кезекте тұрған азаматтарға таратылатын болады.
Жөнделген нысан – береке, таза ауыз су – ырыс 2025 жылы
Ойық ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 111,1 миллион теңге және Үшарал ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 141,2 миллион теңге бөлініп, мердігер болып «Компания 6 Сырым Блеке» ЖШС-і анықталды. Жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айында басталатын болады.
Нысандар 2026 жылға өтпелі Таза ауыз су мәселесіне келсек, қазіргі таңда ауданда 23 елді мекеннің (19745 адам), 20 елді мекені (19104 адам, 96,8 пайыз) немесе 87,0 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2025 жылы Қожағаппар (мердігер «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС), Сейілбек (мердігер «Пырақ Құрылыс» ЖШС) елді мекендерінде су құбырының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, ауылдық округтің теңгеріміне берілді.
Қараой ауылында (мердігер «Байсын-А» ЖШС) су құбырының аяқтауға 267,2 миллион жүргізілуде. Арал және сумен арналған құрылыс жұмыстарын теңге бөлініп, жұмыстар Қайыр ауылдарын жабдықтауға кері осмос қондырғысы контейнерлік бар модульдік блоктарын орналастыруға бюджеттен 72,4 жұмыстар жалғасуда.
Сапалы жол – ел игілігі
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырымды құрайды. 2024 жылы 50/50 паритеті бойынша Есейхан ауылына кіре беріс автомобиль жолының 10,3 шақырымын орташа жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен 298,8 миллион теңге мердігерге аударылып, жұмыстар жүргізілді.
Жоба құны 413,2 миллион теңге. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар Арал, Қайыр жолдарын орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 78,0 миллион теңге бөлініп, облыстық бюджеттен қаражаттың бөлінуі күтілуде. Жоба құны 540,0 миллион теңге. Қаратау қаласында 10 көшені (Ш.Өмірзақұлы, Есейхан, К.Берікбайұлы, Геолог, Қ.Сүгірбаев, Ғ.Мұратбаев, Ш.Смаханұлы, Н.Ақынбекұлы, Ә.Жангелдин, Ә.Момбеков) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 329,6 миллион теңге бөлініп, «Тараз Көлік Жолы» ЖШС мердігері болып анықталды.
Жұмыстар маусым айында басталады. Бөлтірік шешен, Майтөбе, Көктал, Қызыләуіт, Есейхан, Тамабек ауылдарында 14 ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 538,5 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күнге 13 көшені жөндеуге «Тараз Көлік Жолы» ЖШС мердігері болып анықталды. Ал, Бөлтірік шешен ауылындағы 1 көшені орташа жөндеуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жалғасуда.
Қаратау қаласындағы Панфилов, Тамды Әулие, Арбатас көшелерінің автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға 2025 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 696,4 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың шілде айы. Мердігер – «Тараз Көлік Жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жұмыстың мерзімінде сапалы аяқталатынына қаратаулық тұрғындардың сенімі мол.
Еңбекпен қамту ерекше назарда
Қазақстан Республикасының «Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1133 адам тұрақты жұмыспен және жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Бұл нәтиже жылдық жоспардың 35,0 пайызға орындалғанын көрсетеді. Себебі, жоспар – 3235 адам.
Атап айтқанда, тұрақты жұмыспен – 296, жастар практикасымен – 81, әлеуметтік жұмыс орны бойынша – 43, ақылы қоғамдық жұмыс – 485, алғашқы жұмыс орны – 2, күміс жастағы – 97 адам жұмыспен қамтылған.Сонымен қатар, түрлі кәсіптік оқыту бойынша 60, жұмыс орнында кәсіптік оқыту бойынша – 20 адамды қамту көзделген. Онлайн оқыту – 96, «Бастау-Бизнес» – 33 адамды қамтитын болады. Қайтарымсыз грантты 110 адамға үлестіру жоспарланған. 2025 жылы әлеуметтік көмек түрлерін төлеуге 483,6 миллион теңге жоспарланып, 5 айында 70,0 миллион теңгесі тағайындалып, төленді. Атаулы әлеуметтік көмекке 38,1 миллион теңге тағайындалып, 161 отбасына немесе 845 адамға төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 4,2 миллион теңге бөлініп, 126 отбасына немесе 248 балаға тағайындалып, берілді. Тұрғын үй көмегіне 9 отбасындағы 32 адамға 0,2 миллион теңге тағайындалып, толық төленді.
Бір жолғы әлуеметтік көмекке 235 адамға 24,5 миллион теңгеге көмек көрсетілді. 2026 жылы отын сатып алу үшін 1700 ауылдық жердегі әлеуметтік сала маманына 33,4 миллион теңге қаралып отыр.
«Дипломмен ауылға» шалғай аудандарға шақырады
2025 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 45 маманға көтерме жәрдемақыға 17,694 миллион теңге бөлінді. Тұрғын үй сатып алу үшін 10 маманға 78,640 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге көтерме жәрдемақы үшін 15 маманға 5 миллион 898 мың теңге берілді. Оның ішінде білім саласында 9, денсаулық сақтау саласында 2, спорт саласында 1, мемлекеттік қызметпен 3 маман қамтылған.
Жауапты міндет жүктеген мекеме
Бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы. Мемлекеттің өркениеттілігі балалардың алған білімімен, игерген мамандығымен өлшенеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға ерекше көңіл бөлу қажеттігін әрдайым еске салып келеді. Мемлекет басшысы «Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақуатты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп атап өткен болатын.
Әр адамның алдағы өмірі балалық және жастық шағында көргендері мен алған әсеріне байланысты. Қамқорлықты, мейірімді сезіп өскен бала келешекте айналасына шуағын төге білуді, жақсылық жасауды, кісіге құрмет көрсетуді үйренеді. Бала тәрбесінің маңыздылығы осында. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балаларға мейірім ауадай қажет. Ерекше балаларды нәтижелі бейімдеу мен оқытудың маңызды шарттарының бірі – психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ем алуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жұмыс істейді.
2021 жылы ашылған мекеме 25 орынға арналған. Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға қызмет түрлерін ұсынады. Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры Назым Сейдалиеваның айтуынша, мекеме мамандары халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.
– Атап айтқанда, орталықта бүлдіршін мен жасөспірімдерге әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қызметтер ұсынады. Осы қызметтерді ұсыну барысында орталықта тұрақты түрде невропатолог, психиатр, травмотолог, педиатр дәрігерлері, емдік дене шынықтыру, аға мейірбике, массаж жасау мейірбикесі, тәрбиешілер, психолог, дефектолог, логопед, мәдени ұйымдастырушы мамандар жұмыс жүргізеді, – дейді орталық директоры.
Әр маманнның өзіне жүктелген міндеттері бар. Айталық, орталықта қызмет алушыларға екі мезгіл тамақ беріледі. Олардың тамақтану тәртібі мен күнделікті қабылдау кезіндегі бақылау, орталықтың тазалық жұмыстарының талапқа сай жүргізілуіне аға мейірбикелер жауапты. Жартылай стационарлық жағдайында қызмет көрсету мекеменің басты бағытының бірі болып саналады. Бұл жағдайда 4 сағатқа дейін оңалту қызметтері ұсынылады. Соған сәйкес оңалту іс-шараларын жүргізу және белгілі бір нәтижеге қол жеткізу кезінде дұрыс жоспарлау және жеке көзқарас үшін мамандар топтық қорытынды жасайды.
Негізінен мұндай міндеттермен методист, тәрбиешілер, логопед, дефектолог, психолог, еңбек нұсқаушысы сынды мамандар айналысады. Қимыл тірек аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар балалар күтімді, жіті бақылауды қажет етеді. Бұл орайда орталық мамандары өзіне жүктелген жауапкершілікті жақсы түсінеді. Әсіресе, баланың көңілін аулап, тілін табуға баса назар аударылады. Орталықтың еңбек нұсқаушысы маманы Вероника Балқыбекова «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық басылымның ұйымдастыруымен өткен «Бояулар құпиясы – Алтын күз» байқауында арнайы марапатқа ие болыпты. Осы марапатқа орталықтан қызмет алушы балалар Медеу Орынбасаров, Диас Сейсенбаев, Бекболат Қойлыбай, Мерей Сембек те лайық деп танылған.
Ерекше баламен жұмыс істеу, оған бар мейіріміңді төге білу оңай емес. Айта берсе орталықта қызмет алатын балалардың қол жеткізген жетістіктері аз емес. Бұл Назым Сейдалиева бастаған ұжымның табанды еңбегі мен тынымсыз ізденісінің нәтижесі. Орталықтың жұмысы айтуға оңай, атқаруға ауыр міндет. Өйткені, бұл адамның тағдыры. Баланың саулығынан, баланың көңілінен артық жұмыс та, артық қуаныш та жоқ. Мұндай жауапкершілікті көтеру шын мәнінде өз ісіне адал, балаға ықыласы бөлек маманның қолынан ғана келеді.
Есет ДОСАЛЫ.
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«Мен ашық сұхбаттан қашпайтын адаммын»
- 12 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді