«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шерзат ісі: Сот үкімі шықты

Шерзат ісі: Сот үкімі шықты
azh.kz
Талғарда кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінің қорытындысы шықты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен:

Абзал Шынасыл қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша 23 жылға сотталды.

Равиль Сакиев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 293-24-баптың 3-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) 20 жыл;

Шыңғыс Белғожаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Дархан Әскентай қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Нұрқияс Ілиясов қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда);

Нұрбол Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), оған қоса 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда);

Дидар Қалиахмет қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;

Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің  434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

Ұқсас жаңалықтар