Аталған шара сотты болған азаматтар үшін ғана емес, олардың туған-туысы мен бала-шағасы үшін де ерекше күткен оқиға болды. Кездесу барысында мекемеде айрықша атмосфера орнап, жазасын өтеушілер отбасымен, оның ішінде ұл-қызымен қауышуға мүмкіндік алды. Осы себепті, арнайы контингент өкілдерінің туыстары дәл осылай жағдай жасаған мекеме басшылығына алғысын білдірді.
– Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеуде – олардың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнатуы өте маңызды. 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында аталған іс-шараны өткізудің өзіндік себебі бар. Ұл-қызымен сағыныса қауышқан сотталған азаматтар бостандыққа ертерек шығуды, түзелу жолына түсуді қалайды, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ бұл күні мекемеде келушілерге арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жеті өнерді бойына жинаған жазасын өтеушілер ет-жақындары үшін әннен шашу шашты.
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- Бүгін, 16:19
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- Бүгін, 15:58
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




