Мекеме ұжымы қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды жоғары қойып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды азаматтық парызы деп білді.
Аталған іс-шара аясында №59 мекеменің қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы барып, сыйлықтар мен ақшалай көмек көрсетті. Балаларға ойыншықтар, киім-кешек, мектеп құралдары және тәттілер таратылып, ата-аналарына материалдық қолдау ретінде қаржылай көмек берілді.
Мекеме басшылығының айтуынша, бұл бастама жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді және оның басты мақсаты – балалардың жүрегіне қуаныш сыйлау, оларға мейірім мен қамқорлықтың бар екенін сезіндіру. Сондай-ақ, мекеме ұжымы осындай игі істер арқылы қоғамға үлгі болуды көздеп отыр.
“Балалардың күлкісі мен шынайы қуанышы – біздің ең үлкен сыйлығымыз. Бүгінгі мереке – тек қана балаларды қорғау күні емес, сонымен қатар әрбір ересек жанның балалық шаққа саяхат жасап, ізгілік пен мейірімге бет бұратын ерекше күн”, – деді №59 мекеме бастығы.
Бұл шара тек материалдық көмек берумен шектелмей, балалармен жылы жүздесу, әңгімелесу және олардың арман-тілектеріне құлақ асу арқылы рухани қолдау көрсетуді де мақсат етті. Мұндай игі бастамалар қоғамда бірлік пен жанашырлық сезімін нығайтып, болашақ ұрпақтың жүрегіне мейірім дәнін себеді.
Ұқсас жаңалықтар
Хамит Есаман – Ұлттық байқаудың жеңімпазы
- 5 ақпан, 2026
Аяз жоқ деп арқаны кеңге салуға болмайды
- 5 ақпан, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




