полициямен қатар барша жұрт жұмылғанда ғана қойылады
Ауылдағы ағайынның дені ежелден төрт түліктің арқасында нәсібін тауып отыр. Содан да шығар, қазақ аман-саулық сұрасқанда «Мал-жан аман ба?» дейді. Ит-құстан, ұры-қарыдан және өлім-жітімнен малдың амандығын білу үшін бірінші соны атайды. Былтыр облыс әкімдігінің кезекті мәжілістерінің бірінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбав облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Бекет Аймағанбетовке аудандардағы мал ұрлығына тосқауыл қоюды қатаң тапсырған.
Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымовтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте мал ұрлығына тосқауыл қою туралы мәселе қаралды. Облыстық ішкі істер департаманті бастығының бірінші орынбасары Берік Құтбаев хабарлама жасады. Былтыр мал ұрлығы қылмысы 20,8 пайызға, оның ауыр түрі 47,6 пайызға төмендепті. Меркі, Т.Рысқұлов және Жуалы аудандарында аса ірі мал ұрлығын жасаған 5 қылмыстық топ құрықталып, ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылған. Осы қылмыстық топтармен 54 бас мал ұрланса, оның 41 басы жылқы көрінеді. Барымташылар үптеп кеткен барлық мал тәркіленіп, иелеріне қайтарылған. Полиция полковнигі мына мәселеге де назар аударды. Жасалған сараптамаға сәйкес, малдың 60 пайызы өрістен ұрланса, 827 ұрлық түн мезгілінде жасалған. Мал ұрлығының жоғары деңгейі Жамбыл, Байзақ, Қордай, Т. Рысқұлов, Жуалы және Талас аудандарында сақталып, ашылу көрсеткіші де көңіл көншітпейді. Ал ірі мал ұрлығының саны жағынан да Қордай, Т.Рысқұлов және Талас аудандары көш бастап тұр. Біздің пайымдауымызша, ұры алыстан келмейді, өйткені сырттан келген ұры жергілікті жердің жағдайын білмейді. Басқа жақтан келгеннің өзінде ұрлық оқиғасы орын алған өңірде сыбайластары болуы мүмкін. Сосын шаруаның бейғамдығы да сан соқтырып жатады. Хабарламашы мына мысалды алға тартты. 2014 жылдың 3 қазан күні Жуалы ауданының Алатау ауылы маңында шаруаның 230 бас қойы із-түзсіз жоғалған. Ол бір тәулік бойы бір отар малды қараусыз қалдырған. Қылмыстық оқиға орын алған маңдағы адамдардың бірде-бірі осынша малды көрмеуі мүмкін бе? Тағы бір мысал, биылғы 14 қаңтар күні Жамбыл ауданының Өрнек ауылы тұрғынының өрісте қараусыз жайылып жүрген 5 бас жылқысы ұрланды деген шағым түседі. Аудандық ішкі істер бөлімінің бірнеше қызметкері арнайы техникамен өрісті шарлап, 20 шақырым жерден малды тапты. Мұндай мысалды көптеп келтіре беруге болатынын алға тартқан полковник, малды таңбалау мен чиптеудің жолға қойылмағанын да жеткізді. Былтыр ұрланған 794 жылқының 476-сының не таңбасы, не чипі болмағанына алаңдаушылық білдіріп, мал ұрлығының алдын алуда жергілікті әкімдіктермен бірігіп атқаратын мәселелерді ортаға салды. Одан кейін облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жанар Өтепбергенова ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру туралы атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Хабарламашының берген мәліметі бойынша, мүйізді ірі қара малын сырғалау жоспар бойынша 114 пайызға орындалып, оның базаға енгізілгені 97 пайызды құраған. Түйенің сырғаланғаны 66 пайызды құрап, базаға енгізілгені 100 пайыз болса, жылқы 85 пайыз чиптеліп, базаға енгізілгені 83 пайызды құраған. Шошқа 82 пайыз сырғаланса, базаға енгізілгені – 85 пайыз. Ж.Өтепбергенова бірдейлендіру бойынша жұмыстың биыл одан әрі жалғасатынын хабардар етті. 2015 жылға қант қызылшасын орналастыру жұмыстарының барысы туралы хабарлама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Шәкір Момынқұлов облыс әкімі қант қызылшасы алқабын 10 мың гектарға жеткізуге тапсырма бергенін еске салды. Алайда, тәтті дақыл отырғызуға тапсырма алған аудандар небәрі 3468 гектар алқапқа сүдігер жыртып, бар-жоғы 34,6 пайызды ғана құраған. Селекторлық кеңесті қорытындылай келе, Қалижан Серікұлы күн тәртібіне шығарған мәселелердің маңыздылығын атап көрсетті. Облыстық әкімдік пен ішкі істер департаменті бірлесіп, мал ұрлығына тосқауыл қою бойынша іс-шара қабылдады. Барлық ауыл әкімдеріне тұрғындар мен шаруашылық жетекшілері арасында мал қораларын бекемдеу, өрісте малды қараусыз қалдырмау туралы түсінік жұмыстарын жүргізуді міндеттеді. Ал аудан әкімдеріне тиісті инженерлік құралдармен жабдықталған мал ұстайтын қорасы бар шаруашылықтармен ұрланған немесе егесі жоқ малды уақытша қамауға келісім-шарт жасауын, бірдейлендіру жұмыстарын ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес жалғастыруды тапсырды. Қант қызылшасы көлемін арттыру да күн тәртібінен түспейтінін ескертті.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді