
«Көне қамал» құрылысының да берері көп. Аталған нысанда өңіріміздің қолөнер шеберлері мен зергерлер туындыларын халыққа ұсынуға да қолайлы. Болашақта «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде «Түбі бір түркі әлемінің алтын бесігі – Тараз» жобасы жасалғаннан кейін «Қарахан», «Айша бибі» кесенелерімен және «Көне Тараз» этно-мәдени кешенімен қатар, аймақта туризмді дамытудың үлкен нысанына жеткізу туралы ірі қадамдар бар. Осы жобаның барысында бүгінгі таңда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.
Осылайша санаулы жылдарда этно мәдени кешен байытылып, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының мәңгілік мұрасына айналады деп жоспарлануда. «Көне қамал» кешенінің ашылу салтанатына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, Жамбыл облысының және Тараз қаласының Құрметті азаматтары, белсенді ардагерлер мен студент жастар көп жиналды.
«Біз тарихи Тараз қаласыменен мақтанамыз. Осы шаһарда ұзақ жылдан бері тұрамын. Қала кеше қандай еді, бүгін қандай? Бірер жыл бұрын ғана шаңы шығып, бос жатқан жерге әп-сәтте алып құрылыстар салынып жатыр. Біз ардагерлер осындай сапалы құрылыстардың жүргеніне бек қуаныштымыз. Осы «Тектұрмас» кешеніне де келіп тұрамыз. Әулетімізге және сыйлы қонақтарға көрсеткенде кеудемізді қуаныш кернейді. Олар да тарихи кешенді мақтап, жақсы сөздерін айтады. Енді міне, «Тектұрмас» кешенінің жанынан «Көне қамал» тарихи нысаны салынып жатыр. Өте қуаныштымыз. Тарихымызды түгендегеннен тек ғана ұтамыз. Тарихтан тағылым алған жас ұрпақтың келешегі кемел», – дейді Тараз қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Аманжол Аманбаев.
«Көне қамал» тарихи нысанының ашылу салтанатында осы жолдардың авторы «Тектұрмаспен тілдесу» атты өлеңін көпшілікке тарту етсе, облыстық жастар мүшәйрасының жүлдегері Мұқағали Балтабаев «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың», «Өзімді жігерлендіру» атты жырларын жиналған жұртшылық назарына ұсынды. Республикалық айтыстардың жүлдегері, облыс әкімінің «Әулиеата үміті» сыйлығының иегері Дидар Апбасов «Тараздың табиғаты сыр шертеді» атты тарихи өлеңімен көпшілік қауымның назарын аударды.
Мұнан соң жиналған көпшілік Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры әртістерінің Әулиеата өңірінің тарихынан сыр шертетін «Айша бибі мен Қарахан» қойылымын тамашалады. «Көне қамал» тарихи нысанының ашылуына келген көпшілік тағы да бір игілікті істің жүзеге асып жатқанына куә болып, жақсы көңіл күймен тарқасты.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?
- 12 маусым, 2025
250 млн теңге: интернет-алаяқтық схемасы әшкереленді
- 12 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді