Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады
- author «Ақ жол»
- 25 сәуір, 2025
- 2.0k
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.
➤ Қазақстанда:
1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.
Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.
➤ Футбол экожүйесін дамыту
Мемлекет басшысы:
✔️ отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
✔️ клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
✔️ Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.
➤ UEFA тарапынан қолдау
Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Шахмат жасқа қарамайды
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




