Қоғам
500-ден астам көшеге елеусіз қалған қаһармандардың есімі беріледі – Президент
- author «Ақ жол»
- 24 сәуір, 2025
- 1.7k
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«Бірер күн бұрын менің тапсырмаммен Республикалық ономастикалық комиссия елді мекендердегі 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім қабылдады. Ең алдымен, жаңа және атауы қайталанатын көшелерге басымдық беріледі. Бұл шешім – Ұлы Жеңісті, оған қатысушыларды қаншалықты қадір тұтатынымызды көрсететін маңызды қадам», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сондай-ақ, алқалы жиында Президент Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілетінін жеткізіп, ол үшін «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» жоспары қабылданғанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
«Өлді» дегені өтірік болып шықты
- Бүгін, 11:12
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




