Президенттің бастамасымен жүзеге асқан «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында биыл аймақта 37 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1300-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл жұмыс орындарының 91 пайызы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болмақ және осы салаға деген сұранысты арттырады деп көзделуде. Ал, өңірдегі «Қазфосфат», «Жамбылгипс», «Имстальком» және «Энерджи Тараз» секілді өндірістің өзегі саналатын кәсіпорында мыңдаған жерлестеріміз еңбек етуде.
Бастысы, бұл кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда. Тиісінше, 2025-2026 жылдары ІТ hub орталығын ашу, халықаралық салалық аккредиттеуден өту, кәсіпорындар мен мекемелердің сұранысына мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту, жаңа мамандық ашу жұмыстары жалғасын таппақ. Сонымен қатар, орта мектептерде кәсіби бағдар беру кабинеттері жасақталатын болады.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыстағы 42 колледжде 28 мыңнан аса жас білім алуда. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер қатары да артты. 2022 жылдан бастап кәсіпорындардың нақты сұранысына сәйкес, мақсатты кадр даярлау жұмыстары басталды. Колледждерде заманауи мамандықтардың сұранысқа ие түрлеріне басымдық беріліп келеді. Соңғы үш жылда мемлекеттік тапсырыспен білім алған 8 мыңнан астам түлектің 86 пайызы еңбекпен қамтылған.
Өңірге қажетті және сұранысқа ие жаңа мамандықтарды анықтауда алғашқылардың бірі болып жаңа мамандықтар атласы әзірленді. Ал, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті нығайту әрі түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында бас-аяғы 8 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар кадрларды даярлау ісін жандандыруға бағытталған.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
«Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – басты назарда»
- 26 ақпан, 2026
Тауар белгісін тіркеу жеңілдетілді
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




