«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Боксшыларымыздың болашағы жарқын

Боксшыларымыздың  болашағы жарқын
Ашық дереккөз
«Өңірлік коммуникациялар қызметі» баспасөз алаңында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жамбыл» кәсіпқой бокс клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақтияр Тілегенов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында брифинг өткізді.

Мекеме басшысының айтуынша, аталған клубтың міндетіне спорттық, Олимпиадалық, Паралимпиадалық қозғалысты дамыту, халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау, боксшылардың жоғары жетістіктерін одан әрі дамыту, боксшылардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету, жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыру кіреді.

Мекемеде 155 боксшы тіркелген. 19 оқу топтары бар. Оның ішінде 9-ы спорттық жетілдіру тобы, 10-ы оқу-жаттығу тобы болып саналады. Аталған боксшылар арасында 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2 Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 35 Қазақстан Республикасының спорт шебері бар екен. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне 114 боксшы үміткер болып отыр. Бұл боксшыларға 20 жаттықтырушы бокс өнерінің әдіс-тәсілдерін үйретуде. Оның ішінде жетеуі Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Сонымен қатар, 10 жоғары санатты, 3 бірінші санатты жаттықтырушылар еңбек етуде.

 – Жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселесі жолға қойылған. Мекемедегі оқу-жаттығу процесі дұрыс ұйымдастырылып, жаттықтырушылар мен қызметкерлер оқу-жаттығу жұмыстарын бекітілген жылдық жоспарға сәйкес атқаруда. Оқу жылы басталғалы бері өткен педагогикалық кеңес отырысында оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстары, дәрігерлік бақылау бойынша шешім қабылданады. Сонымен қатар, әр екі аптада сәрсенбі күндері мекеменің жалпы жиналысы, ай сайын бір рет жаттықтырушылар кеңесі өткізіліп тұрады. Кеңесте апта бойы және бір айға жоспарланған жұмыстар мен оқу-жаттығу жиыны, жарыстардың орындалу барысы талданады. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының сапындағы спортшылар тізіміне 2024 жылы ересектерден – 5, 5 жастардан – 5 спортшы, әйелдерден – 5 спортшы, жасөспірімдерден 2 спортшы бар. Бокс клубының спортта жеткен жетістіктері айтарлықтай. Клубтың спортшылары 2024 жылы әлем чемпионатынан 1 алтын, 1 күміс, әлем кубогынан 1 қола медаль еншіледі. Азия чемпионатынан 3 алтын, 3 күміс, 4 қоланы иелендік. Ел чемпионатында 2 алтын, 5 күміс, 4 қола медальға қол жеткіздік. Халықаралық турнирде 21 алтын, 10 күміс, 23 қола медаль олжаладық. Биыл жыл басынан бері алып жатқан жүлделеріміз де қомақты. Ендігі мақсат – 2025 жылы өтетін ел чемпионатында алтын жүлдені көбірек еншілеп, Азия және Әлем чемпионаттарында олжа салу. Осы мақсат жолында тер төгеміз, – деді Бақтияр Тілегенов.

Сондай-ақ, ол журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар