«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қарапайым және ерекше балалар бірге оқыса...

Қарапайым және ерекше балалар бірге оқыса...
Автор
Кейінгі кездері экологиялық жағдайлардан ба екен, ел ішінде дамуында ерекше қажеттіліктері бар балалар саны көбейіп келеді. Қалай болғанда да олар қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде барлық мүмкіндіктерге теңдей ие болуы керек. Ондай балалардың дамуындағы ең маңызды мәселе – білім алу. Бұл мәселе тек құжат пен кәсіп иесі болумен шектелмейді, оларды әлеуметтендіру міндеттері туындайды. Елде бұған дейін мүмкіндігі шектеулі балалар қарапайым білім беру мекемелерінде оқи алмайтын. Оларды үйден білім алуға немесе арнайы мамандандырылған орталықтарда оқуға жіберетін. Бұл оларды әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу деңгейін арттырмады.

Сонымен, «инклюзивті білім беру дегеніміз не?» деген сұраққа тоқталайық. Бұл – баланың өзіне сенімді болуы, құрдастармен сөйлесуі, дені сау адамдарды жауаптылыққа тәрбиелеу, қоғамды ізгілендіру, бейімделу және қоғаммен араласу, толық білім, мүгедектердің проблемаларын түсіну, әлеуметтік жүйені жақсарту. Осыған байланысты педагогикада «Эксклюзия» ұғымы қолданыла бастады. Ол – адамның қоғамдық өмірден аластатылуы, әлеуметтік игіліктер мен құқығының болмауы немесе оған қандай да бір тосқауыл қойылуы.

Сепарация – психологияда ата-анадан баланың өз алдына бөлінуі. Ата-анаға өмір бойы тәуелді болып, одан кіндігін ажырата алмай өмір сүріп жүрген ересек адамдар бар. Мұндай адамдардың өмірінде кездескен мәселелерді өз бетінше шешіп, өз өмірі үшін жауапкершілікті ала алмауы өмірді қиындата түседі. Сондықтан, баланы тәрбиелеуде де өз шегінен шықпаған дұрыс. Интеграция, бірінші мағынасында бұл – бірлесе қызмет атқаруға, ал кейбір жағдайларда түрлі елдердің бірігуіне әкелетін үдерістер.

Екінші мағынасында интеграция ретінде ортақ мақсатқа бірлесе қол жеткізу үшін құрылған мемлекетаралық етсе, кедергілер жойылады. бірлестіктер алынады. Инклюзия – ерекшеліктері бар адамның қоғамға сай өзгеруі емес, керісінше, қоғамның осындай адамдар үшін қолайлы орта тудырып, икемді болуы. Білім берудің инклюзивті түрінің артықшылығы – егер қарапайым және ерекше балалар бала кезден бірге оқыса, өзара әрекет Енді инклюзив білім берудің негізгі артықшылықтарын атап өтейік.

Бұл – толыққанды білім алуға қол жеткізеді. Мүгедек емес балаларды қайырымдылыққа және түсінушілік қасиеттерге баулиды. Қоғам өміріне бейімдейді, құрдастарымен қарым қатынаста болуға, өзіне сенімді болуға жетелейді. Қоғамда мүгедектік мәселелерін түсінуді қалыптастырады. Инклюзияның үш аспектісі бар, олар – инклюзивті саясат, инклюзивті практика және инклюзивті мәдениет.

Қорыта айтқанда, инклюзивті білім беру – қазіргі заман адамының санасындағы бетбұрыс әрі демократиялық мемлекеттердің таңдауы. 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, елімізде 2025 жылдарға қарай мектептер мен балабақшаларда 100 пайыз, колледждер мен жоғары оқу орындарында 70 пайыз инклюзивті білім беруге жағдай жасалуы керек.

 

Сандуғаш УСЕНОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің әлеуметтік психология кафедрасының аға оқытушысы, инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығының аға үйлестіршісі, психология магистрі.

Ұқсас жаңалықтар