
Өңірімізде бастау алған «Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы аясында облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы заманауи технологияларды пайдалана отырып, зағип жандарға электрондық кітапханаларға қолжетімділікті арттырып, оқырмандарға «Мобильді кітапхана» тақтасын арнайы зағиптар орталықтарына орнатуды қолға алды.
Жас деңгейіне қарай 50 түрі қойылған мобильді кітаптар қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалар жинағы кітапхананың арнайы аудиостудиясында жазылып, мобильді тақтаға QR-кодтар арқылы енгізілді. «Мобильді кітапхана» ерекшелігі – ұсынылған әдебиеттер оқырман сұранысына қарай және ай сайын ауысып тұрады.
«Мобильді кітапхана» тақтасының ашылу іс-шарасына қатысқан Тараз қаласының тұрғыны Эльмира Бештаева мұндай қолдаулар көру қабілеті нашар азаматтарға айрықша серпіліс беретінін айтты.
«Мемлекеттің бұл қолдауын құптаймыз. Көру қабілеті нашар азаматтарға қолдауы деп түсінеміз», – деді ол.
Іс-шарада аталған арнайы кітапхана директоры Жанна Алшынбаева және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған «Болашақ» мектеп-интернатының директоры Эльмира Жақсылықова «Мобильді кітапхана» тақтасының тиімділіктеріне кеңінен тоқталды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді