Қазақстан – терең өңдеу саласында бәсекеге қабілетті ел болуы керек
- author «Ақ жол»
- 8 сәуір, 2025
- 184

«Шаруаларды қолдау шаралары арта береді»
Премьер-Министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өткен кешегі кезде суде о сылай деді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондайақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара ісқимыл бағыттары талқыланған келелі жиында, сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында алға қойған міндетіне сәйкес, алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісін екі есе арттырудың келешегі қаралды.
Кезде суде Олжас Бектенов Үкімет аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, бүгінде ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде екеніне тоқталды. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі өзінің құндылығын ешқашан жоймайды. Біздің жағдайымызда жеңілдетілген қаржыландыру үшін 700 миллиард теңге табу оңай емес, алайда, біз мұны іске асырып жатырмыз және қолдаудың бұл түрін одан әрі арттыра береміз. Қазіргі қолданыстағы тетіктердің барлығы жалғасын табады. Нәтижесі де жоғары болып, біз бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құра аламыз деген сенім бар», – деді ПремьерМинистр.
Жиында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларды қолдау шараларын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мәселен, егіс науқанын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өткен жылы 580 миллиард теңгеге дейін және несиелеуді мерзімінен бұрын іске қосу арқылы биыл рекордтық 700 миллиард теңгеге дейін артқан (бұрын қаржыландыру 140 миллиард теңгеден аспаған).
Алғаш рет көктемгі дала жұмыстарында қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдендірудің арнайы бағдарламасы енгізілді. Бір жыл ішінде қаржыландыру көлемін 80 миллиард теңгеге ұлғайту арқылы 5 пайызбен 200 миллиард теңгеге дейін жеткізу ауыл шаруашылығы техникасы лизингісінің қолжетімділігін арттырды, бұл ретте техниканың өзі кепіл, ал жарна инвестициялық субсидия бола алады.
Министрдің айтуынша, Азық-түлік корпорациясына форвардтық сатып алуларға 30 миллиард теңге, географияны кеңейту үшін экспорттық шығыстарды субсидиялауға 40 миллиард теңге бөлінген. Қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыру үшін несие беру өткен жылдан басталған болатын. Несиелеу көлемі 35 миллиард теңгені құрайды. Биыл бұл мақсаттарға 48 миллиард теңге бөлу міндеті тұр. Айналым мақсаттары үшін жеңілдікті несиелер қайта өңдеуді жүктеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жиында Үкіметтің ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ететін сала ретінде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғаны айтылды. Осылайша, мал бордақылау алаңдары үшін қолдау құралдары әзірленуде, жеңілдікпен несие беру және субсидиялардың жеңіл әкімшілендірілетін түрлерінің пайдасына селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялау қайта қаралмақ.
Аграрлық сектор өкілдері не айтты?
Алқалы басқосуда өсімдік шаруашылығы және баубақша, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы, өнімді өңдеу және экспорттау сияқты аграрлық сектордың түрлі бағыттарының өкілдері сөз сөйледі. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығын басқаратын және Қостанай облысындағы екі құс фабрикасына иелік ететін «Жас Қанат-2006» ЖШСнің бас директоры Қайрат Майшев құстың тұтас етін бөлу және қайта өңдеу көрсеткішінің өсіп келе жатқан үрдісін атап өтті. Оның айтуынша, осыған байланысты қайта өңдеушілер үшін айналым қаражатын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске қосу шикізатты дайындауға, үздіксіз өндірісті қамтамасыз етуге және өнімді нарыққа жеткізу үшін тауарлық-материалдық қорларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Агрофирма «Родина» ЖШС-нің бас директоры Иван Сауэр өз сөзінде биылға жоспарланған алдағы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы мәселелеріне тоқталып, ақпарат жинау және Қазақстанның АӨК қатысушыларының мәртебесін айқындау үдерісін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін есепке алудың бірыңғай базасын құру қажеттігін атап өтті.
«AmalBio» ЖШС-нің директоры Асқар Сабыров болса, ауыл шаруашылығының өндірістік үдерістеріне инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу, ауылдық жерлерде инженерлік инфрақұрылым салу мәселелерін көтерді.
«Зенченко и К» КТ директоры Геннадий Зенченко мемлекеттік қолдаудың кеңейтілген шараларымен қатар, бизнестің өз тарапынан жауапкершілікті одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтіп, саланы дамытудың басты факторы адам ресурстары болып саналатынын жеткізді. Осыған байланысты Геннадий Зенченко әріптестерін сала мамандарының жалақысының тартымды болуын қамтамасыз етуге және жоғары оқу орындарымен бірлесіп білікті кадрлар даярлауды ынталандыруға шақырды. Ауылды дамытуға , атап айтқанда, ауыл шаруашылығы компанияларының әлеуметтік бастамаларға, оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім беру және медициналық инфрақұрылымды дамытуға қатысуына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, кездесу барысында «Aitas-KZ» АҚ вицепрезиденті Рабиға Тоқсейітова, «МВ4» ЖШС-нің директоры Азамат Шалмағамбетов, «Еуразия Инвест LTD» серіктестігінің құрылтайшысы Иван Георгиади, «Asyl Farms» басшысы Ғабиден Балғынбеков, «Масло-дел» ЖШС-нің бас директоры Павел Селиванов, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов сөз сөйледі. Шаруалар Инвестициялар туралы келісім, инженерлік инфрақұрылым салу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арзандатылған газбен қамтамасыз ету бойынша жеңілдікті несие алушылар санатын кеңейту жөнінде ұсыныстар айтты. Сонымен қатар инвестициялық мақсаттарға тікелей жеңілдетілген несие беру, асылдандыру материалы, астық пен өсімдік майын терең өңдеу, ауыл шаруашылығын сақтандыру, ішкі нарықты тұрақты толтыру, экспортты дамыту, цифрландыру, реттеуші және салық саясаты, сондайақ ауылдық жерлерде баспана жайын шешу тұрғысындағы мәселелер де сөз болды. Көтерілген тақырыптар бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин пікір білдірді. «Бәйтерек» ҰБХ басшылығының айтуынша, қазір Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жоба іске асырылуда көрінеді. «Болашақта бұл тәжірибені бүкіл еліміз бойынша тарату жоспарланып отыр», – деді Р.Қарағойшин.
Премьер-Министр агроөнеркәсіп кешенін экономиканың технологиялық және инновациялық секторына айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа назар аударды. Ол үшін әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісі заманауи агротехнологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға, тиімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өнімдер түрін кеңейтуге ұмтылуы тиіс.
«Мемлекет аграрлық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсететін болады, олар өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар тұрақты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін ауылдық қоғамдастықтарды қалыптастыра отырып, ауылдағы тұрмыс сапасын арттыруға нақты үлес қосады. Бірлескен жұмыстың нәтижесі қазақстандықтарды өз өндірісіміздің сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде көрінуі тиіс. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласында бәсекеге қабілетті ел ретінде танылуы керек», – деді Үкімет басшысы.
Отандық өнімдер көрмесінде – жаңа жобалар
Сондай-ақ, Премьер Министр агроөнеркәсіп кешеннің отандық өнімдері көрмесін тамашалады. Сүт және ет өңдеу салаларының жобалары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және тамақ өнеркәсібі саласындағы шешімдер ұсынылды. Олардың қатарында қуаттылығы тәулігіне миллион данадан астам жұмыртқа өндіретін Ақмола облысында жұмыртқаны терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жоба бар. Кәсіпорынның Орталық Азияда баламасы жоқ және жұмыртқа ұнтағынан бастап арнайы тағам қоспаларына дейін терең өңделген өнімдердің кең түрін шығаруға мүмкіндік береді. Шығарылатын өнім түрін ұлғайту үшін Amal Bio кәсіпорнының өндірістік тізбегіне енгізілген инновациялық шешімдер таныстырылды.
Премьер Министрге экспорт нарығының кеңеюі туралы баяндалды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйесін салу, құрғақ мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіру, тамақ өнімдеріне арналған қаптамалардың жаңа түрлері және басқа да жобалар таныстырылды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді