
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты басқа адамның көмегін аса қажет ететін жалғызбасты мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсететін 19 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтары бар. Онда қарттармен қатар І, ІІ топтағы және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар қызмет алуда. Басқарма басшысы Еркін Келесовтың айтуынша, мүгедек балалары бар үйге оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша өткен жылы 1241 балаға 71 миллион теңге төленсе, биыл 1285 мүгедек балаларды үйде оқытуға 87,3 миллион теңгеге көмек көрсету жоспарланған. Жыл басынан бүгінге дейін мүгедек балалары бар үйге оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 1045 балаға 16 миллион теңге тағайындалыпты. Мүгедек балаларға былтыр 2106 протез беріліп, 102,8 миллион теңге төленсе, биыл бұл мақсатқа 119,6 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ, 2024 жылы 170 бала арбамен қамтылып, 446,2 миллион теңге жұмсалса, биыл арбаға 580,8 миллион теңге қарастырылып отыр. Санаторлық-курорттық ем алуға өткен жылы 368 балаға 119,6 миллион теңге төленсе, биыл бұл бағытқа жоспарланған қаржы 120,2 теңгеге артық, яғни 239,8 миллион теңге жоспарланған. Әрине, мұның бәрі де мүмкіндігі шектеулі балаларды өз қатарластарынан қалмай білім алып, денсаулығын сақтап, қоғамға бейімдеуге арналуда.
– Мүгедектерді оңалту және мүгедек балаларды оңалтып бейімдейтін 9 орталық пен орталықтың 1 филиалында бір мезгілде 606 мүгедек, оның ішінде 456 мүгедек бала бейімдеу, оңалтудан өте алады. Онда Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қызмет алушылар 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылады. Олар – әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени қызметтер. Өткен жылы облыстық әлеуметтік оңалту орталығы «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы 794 қызмет алушыны қабылдап, оның 644-і орталықтан оңалып шыққан болатын. Қазіргі таңда орталықта 150 қызмет алушы оңалту іс-шараларын қабылдауда. 2025 жылдың наурыз айына 218 қызмет алушы оңалту шараларын қабылдап шықты. Ал, мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарында бір мезетте 456 бала оңалту шараларын қабылдай алса, бүгінгі күнге 121 бала оңалту шараларын қабылдап шықты. Одан бөлек, 2025 жылға аталған мекемелерге оңалту және бейімдеу іс-шараларына облыстық бюджеттен 2837,5 мың теңге қарастырылған. Орталықтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар ыстық тамақ және қажетті гигиеналық құралдар мен төсек жабдықтарымен қамтылған. Қызмет алушыларды үйден орталыққа, орталықтан үйге тасымалдауға «ГАЗЕЛЬ», «ПАЗ» автокөліктері қарастырылып, толыққанды жұмыстар атқаруда, – дейді Еркін Егембердіұлы.
Қызмет алушы балалар әдістемелік тауарлармен, гигиеналық құралдармен, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Балаларға 2 мезгіл тамақ та беріледі. Өзіне-өзі толық қызмет жасай алмайтын балаларды орталық қызметкерлері тамақтандырады, шешіндіріп, киіндіреді, жөргегін ауыстырады, қажетіне қарай жүріп-тұруына және басқа да қызметіне көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, барлық қызмет алушы балалар сабаққа қажетті құрал-саймандармен қамтылған. Яғни, олар – қоршаған ортаны қалыптастыруға арналған карточкалар, суреттер, стендтер, жемістердің, жануарлардың муляждары, монтессори тақтайшалары, нейрожаттығуларға арналған тақтайшалар мен төсеніштер, түрлі түсті қаламдар, қағаздар, санамақ түрлері, әріптер мен цифрлар жазылған кубиктер, балаларға оқуға және жазуға арналған кітаптар, сенсормоторлық түрлі ойыншықтар, құрастырмалы пазлдар, мозаикалар, сенсорлық тақтайшалар, дамытушы түрлі ойыншықтар. Орталықта оңалту шаралары үшін арнайы жабдықталған емдік дене шынықтыру залы бар. Ол вертикализаторлармен, жүгіруге арналған құрылғымен, швед қабырғасымен, велотренажерлармен, мотомедпен, гросспен, еңбектеуге арналған құралдармен, әткеншекпен, степпермен, массажды жолдармен, ортопазлмен, сенсорлық түрлі түсті және фитбол доптарымен, скакалкалармен, обручьтармен, жетек арбалармен, брусьямен, жүруге арналған текпешекпен, төсенішпен, гребня тренажерімен, балансирлік тренажермен, вестибулярлық тренажермен және салмағы 250, 500 грамдық құм қапшықтарымен, гимнастикалық орындықпен жабдықталған. Залдың еденіне денсаулық қауіпсіздігіне арналған жұмсақ мата төселінген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін мұндай қызметтер уақыт ағымына қарай жаңарып, заман талабына сай дамып отыратынына орталықты көргенде көз жеткіздік.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Жаны нәзік, ары биік арулар
- 13 сәуір, 2025
Әкемнің «Арманым жоқ» деген сөзі құлағымнан кетпейді...
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді